Оқиға

Балалар да ойнаған: Қазақстанда онлайн казино заңсыз жұмыс істеп келген

«1WIN» онлайн-казиносы Қазақстан аумағында ғана емес, ТМД мен алыс шет елдерде де жұмыс істеген. Онлайн платформа мыңдаған отандасымызды заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет атқарған, деп хабарлайды Айқын ақпараттық агенттігі.

Ақша ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданған. Бұл кәмелетке толмағандардың да құмар ойын ойнауына мүмкіндік берген.

Қазақстан заңнамасы бойынша елде онлайн-казиноға тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана ұсынылады.

Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылды. Қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago