Фото: Polisia.kz
Екібастұзда анасы өлтірген жеті жасар бүлдіршінді жерледі.
Милана Давыдовамен қоштасуға келген еріктілер қылмысқа барған келіншектің жауыздық әрекетін жайып салды. Безбүйрек ана қаршадай қызға тірісінде де тыныштық бермепті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жерлеу рәсімін өткізуді оқушының нағашылары мойнына алған. Бірақ туыстарының ешкіммен ашылып сөйлесуге зауқы жоқ. Есесіне еріктілер қолдау көрсетіп, іздеу кезінде және бүлдіршіннің мәйіті табылған сәттегі жайтты айтып жүр.
Олардың сөзінше, безбүйрек ананың қызына қатал қарағанын екі бауыры айтып беріпті. 6 және 9 жастағы ұлдарына саусағының ұшын да тигізбеген. Ал Милананы үнемі аямай сабаған көрінеді.
Қылмыс болатын күні де ұлдарын көршісіне апарып тастап қызын ұрып өлтірген. Артынша ашынасына айтып, мәйітті үйілген қоқыс арасына көмдіріп тастаған. Баласының жоғалғанын айтып, сосын жұрттан көмек сұрапты. Қазір күдікті келіншек сыбайласымен бірге қамауда отыр. Екі баласын бейімдеу орталығына алып кетті. Милананы атасы мен әжесінің жанына жерледі.
Үлкен ұлы Милананы анасы үнемі ұратынын айтты. Бауырларының біреуі алты жаста, екіншісі тоғызда. Оларды бірден алып кетті. Ал анасы қызын «неге өлтірдің» деген сауалға тергеушілерге «балаларым шаршатты, ешкімді тыңдамайды» деп ақталған. Баланы сол үшін өлтіруге бола ма?
дейді ерікті Олеся Каноненко.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…