Categories: Оқиға

Балдәуренде көз жұмған жасөспірімнің онкология ауруы болмаған

«Балдәурен» сауықтыру орталығында көз жұмған жасөспірімнің ешқандай онкология ауруы болмаған, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Бурабайдағы «Балдәурен» сауықтыру орталығында көз жұмған жасөспірімнің ешқандай онкологиялық ауруы болмаған. Дәрігерлердің айтуынша, лагерьге кетерден бес күн бұрын ғана толық медициналық тексеруден өткен Нұрдәулет Манаптың денсаулығынан еш кінәрат таппаған.

Біз сараптама тұжырымымен мүлдем келіспейміз! Оның ағзасында қаны аз, бойында қатерлі ісік бар деуі тіпті дұрыс емес. Лагерьге барар алдында ғана толық тексерістен өтті. Сол кезде қатерлі ісіктің бір белгісі болмас па еді?! Тап-таза, еш сырқат табылмаған. Біз бұны бұлай қалдырмаймыз,

Хромтау ауданы ауруханасының бас дәрігері Мақсат Серғазин.

Нұрдәулет Манап лагерьге аттанар алдында тексерістен өтіпті. Дәрігерлердің айтуынша, анализінің бәрі дұрыс болған. Оның үстіне, жасөспірім ешқандай есепте тұрмаған. Тіпті онкология ауруы да болмапты. Алайда баланың денесіне сараптама жасаған Көкшетаудағы мамандар марқұм қатерлі ісіктен көз жұмды деді. Тіпті ұлының денесін алып кетуге келген туыстарына нақты өлім себебі жазылған бір жапырақ қағаз ұстатпаған.

Нұрдәулеттің түнімен іші ауырып, таң ата жедел жәрдем келгенше қайтыс болды дейді лагерь басшылары. Бұл оқиғаға қатысты қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.

11 қаңтарда жасалған сараптамада баланың өліміне ағзаның қан аздығы және жамбаста қатерлі ісіктің пайда болуы себеп болған. Тергеу жалғасып жатыр,

деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде блогерлер жасөспірімнің өлімін әділ тергеуді талап етіп, бірнеше жазба қалдырған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago