Атақ және ақша

Балжан Бидаш бұрынғы күйеуін әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған

«КешYOU» тобының экс-солисі Балжан Бидаш әлеуметтік желіде оқырмандарынан бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевке қатысты мәлімет жібермеуін сұрады.

Бұл туралы El.kz хабарлады.

Жахан Отарғалиев Instagram-да мәлімдеме жасап, Алматыдағы жер сілкінісінен соң өзіне Аллаға сыйынатын әйел керек екенін түсінгенін айтты. Жахан мен Балжанның қайта қосылуынан әлі де үмітті оқырмандар оның бұл жазбасын Балжанға жіберген. Дегенмен әнші олардың бұл әрекетіне өзінің ренішін білдірді.  

Маған оның стористерін не үшін жібердіңіздер? Біз бір-бірімізді бұғаттап тастағанбыз. Солай дұрыс әрі өзімізге солай ыңғайлы,

деді әнші.

Өнер иесі көпшіліктен бұрынғы күйеуіне қатысты ақпарат жібермеуін сұрады.

Оның не салып, не айтып, не жазып жатқанын маған жібермей-ақ қойсаңыздар, өтініш. Әр адамның иманы жүрегінде болсын,

деді ол.

Еске сала кетейік, жұлдызды жұп 2020 жылы мұсылманша некесін қидырған. Ал 2023 жылғы мамырда 90-жылдардағы стильмен той өткізді. Ал күзде екеуінің екі бөлек кеткені белгілі болды. 

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

52 минуты ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 час ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 час ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 день ago