Categories: Саясат

«Банкомат емес»: АҚШ 2023 жылы дағдарысқа ұшырауы мүмкін

2024 жылға қарай президенттік сайлауға байланысты АҚШ Украинадағы жағдайға алаңдауды азайтады. Financial Times шолушысы Эдвард Люс осындай болжам жасады.

«АҚШ экономикасы баяулап, құлдырап жатыр. Экономистер 2023 жылы Америка бұл тоқыраудан іс жүзінде қашып құтыла алмайды. Бұл 2024 жылы Байденнің немесе басқа Демократиялық партия кандидатының Дональд Трампты немесе Трамп тәрізді республикашылды жеңу мүмкіндігіне қатты қауіп төндіреді. Конгресстегі республикашылдар ресцессиямен қатар, Байденнің басынан сайлау алдында өтетін жағымсыз жайттарға қатысты жұмыс істейді. 2024 жылы есеп сағаты жақындаған сайын Американың болашағымен салыстырғанда Украинаның тағдыры екінші орынға ығысады»,

делінген мақалада.

Мақала авторының пікірінше, 2024 жылға қарай Вашингтон мен Киевтің мүдделері әр түрлі болады. Себебі Украинаға қаржылық көмек берген АҚШ-та инфляция өсіп келеді.

Шолушы тіпті «батыс бірлігінің шыңына қол жеткізген болуы мүмкін», ал штаттар «демократияның беріктігін экзистенциалды тексеруге» тап болады» деген ойын қоса кетті.

«Америка саясаты неғұрлым қарқынды болса, Украинаны алаңдатып қоюға себеп табылады»,

деп қорытындылады ол мақаласын.

Байден бұған дейін екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті екенін хабарлаған. Бірақ ол әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Өткен аптада байден қарашада өтетін конгресс сайлауынан кейін қайта сайлану туралы шешім қабылдайтынын және АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты тағы жеңетініне сенімді екенін айтқан болатын.

Еске салсақ, қазан айында Bloomberg «АҚШ 2023 жылы рецессияға ұшырауы мүмкін» деген экономикалық болжамды жариялады. Украинаға көмекке қаражат бөлуге байланысты демократтар мен республикашылар арасында келіспеушіліктер туындаған. Сонымен, қыркүйек айында Колорадо штатының республикалық партиясының өкілі Лорен Бойберт «АҚШ қаражат бөлетін «банкомат емес» деп мәлімдеген.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago