Фото: ашық дереккөзден
Банкрот болған қазақстандық шетелге шыға алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Вице-министрдің сөзінше, кей елде банкрот болған адамдарға шетелге шығуға тыйым салынады. Бірақ Қазақстан заңнамасында мұндай норма жоқ. Тек сот банкроттығы бойынша процедура жүргізілетін кезеңде ғана ел аумағынан шығуға болмайды.
Біздің заңнамада тек қана екінші тәсіл (сот банкроттығы) бойынша сотқа жүгінген кезде, процедура алты ай қаралатын кезде ғана шектеу қойылады. Себебі процедура созылып кетуі мүмкін. Азамат сотқа жүгініп, шет елге шығып кетсе, процедура тоқтап қалады. Сондықтан нақты шешім қабылданға дейін шектеу қойылады,
деді Біржанов.
Ол банкроттық алғаннан кейін адамға ешқандай шектеу қойылмайтынын атап өтті.
Шешім қабылданды ма, екінші күннен бастап шетелге шығуға мүмкіндігі бар. Шекарада ондай шектеу жоқ,
деді вице-министр.
Еске салайық, банкроттыққа өтініш қабылдау 3 наурызда басталады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…