Categories: Қоғам

Банкрот деп тану үшін отбасы мүшелерінің мүлкі болмауы керек — министрлік

Банкрот деп тану үшін отбасы мүшелерінің мүлкі болмауы керек. Бұл туралы қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, — деп хабарлайды КТК арнасы. 

Банкроттыққа өтініш берген азаматтың жеке басынан бөлек, жанұя мүшелерінің мүлкі де, табысы да ескеріледі,

дейді Ержан Біржанов ОКҚ брифингінде.

Яғни банкроттық процедурасы кезінде әр өтініш иесі туралы жан-жақты мәлімет жиналады. Егер де оның жалған ақпарат ұсынғаны немесе өз мүлкін отбасы мүшесіне аударғаны анықталса, ол азамат бұл процедурадан өтпейді. Мысалы, әйелінің автокөлігі бола тұра, күйеуі банкроттыққа өтініш берсе, ол төлемге қабілетті болып есептеледі. Сәйкесінше, оның өтініші мақұлданбайды.

Сондай-ақ кей мемлекеттерде банкрот деп танылған азаматтардың елден шығуына тыйым салынған. Біржановтың айтуынша, Қазақстан азаматтарына шекарадан асуға еш кедергі жоқ.

Банкроттық бойынша сотқа жүгінген кезде процедура алты ай қаралатын болса, осы аралықта шетелге шығуға шектеу қойылады. Себебі, өтінішті қарау мерзімі созылып кетуі мүмкін. Азамат сотқа жүгініп, шетелге шығып кетсе, процедура тоқтап қалады. Сондықтан нақты шешім қабылданғанға дейін шектеу қойылады. Шешім шыққаннан кейін елден шығуға шектеу жоқ,

деді қаржы министрінің орынбасары.

Еске салайық, былтыр 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңға қол қойылған болатын. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. 3 наурызда банкроттыққа өтініштерді қабылдау басталады. 

Банкроттыққа өтініш берудің негізгі шарттары мынадай:

  • қарыз 5,5 миллион теңгеден (1600 АЕК) аспайды;
  • 12 ай ішінде өтелмеген;
  • тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ;
  • қаржы дауы банкпен өзара реттелген.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago