Categories: Қоғам

Бапиді бекер депутат еттік. Деп өкінбесе болды

Депутат болған соң, Ермұрат Бапи құр отырмай депутаттық сауал тастап, «Жаңа Қазақстанның» жағынан шапалақпен салып қалды.

Ел-жұрт активтерді қайтару процессінде биліктен жылдам, әрі батыл қадамдар күтуде,

деді ол.

Ескі кадрлардың саботажы ма, әлде ұлттық-экономикалық мүддеге қарсы қастандық па – капиталды қайтару ісінде түсініксіз кібіртік көп.

Мәселен, Латвия құқыққорғау органдары Қазақстанның жекелеген азаматтары салықтан жалтарды және Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер есебінен Прибалтика аумағында мүлік сатып алуда деген күдік келтіруде.

Бұл арадағы сөз Қайрат Боранбаев тұрғысында болып отыр. Дей тұрғанмен, Боранбаев мырза жуықта жеңіл-желпі баптармен сотталды, бірақ оған қатысты өте ірі істер қалтарыс қалды. Тиісті органдар Боранбаевтың Латвия мен Еуропа елдеріндегі қызметін, оның отбасы мен компанияларына жазылған активтерді неге тексермеді?

Боранбаевтың келіншегі өз атына жазылған бизнес-ұшақты сатып жібергені сіздерге белгілі ме? Маман-эксперттердің айтуына қарағанда, бұл ұшақтың нарықтағы құны 30 миллион долларға дейін бағаланады. Ол әйел мұндай сомадағы ақшаға қалай ие болуы мүмкін?

Біздің елдің тиісті органдары осы сауда-саттықты біле тұра, ұшақтың қандай қаржыға сатып алынғанын анықтағанға дейін, бұл активті «мұздатып» қоюға неге әрекет жасамады?

Мен бұл арада бір Боранбаевты мысалға алып, активтерді қайтару мәселесіндегі түсініксіз жағдаяттарды жалпы айтып отырмын.

Сол сияқты «Jusan bank»-тың иелері Қазақстаннан шығарған ірі көлемдегі қаражат Батыс елдерінің бірінде «мұздатылғаны» бізге тағы да белгілі болды.

Осыған байланысты Үкімет не істемек, тиісті тергеу органдарын жұмылдырып, «Jusan bank» олжалаған ақшаның ізіне түсе ме, жоқ әлде тағы да көзжұмбайлыққа салына ма? Бас прокуратура мен, атап айтқанда,  комиссия төрағасының орынбасары Ұлан Байжанов мырза бұл процессті бақылауға ала ма?

Бұл сұрақтарды нақтылап отырған себебім – ұрылар жымқырған қаржысын басқа жаққа тығып үлгерсін деп, бүгінгі билікте оларға мұрша беріп отырған біреулер бар сияқты көрінеді.  

Біз, ұрланған активтерді қайтару туралы заңды бірінші кезекте қабылдауды басты мақсат етіп отырмыз. Осы заңның арқасында біз капиталды қайтаруды неғұрлым тиімдірек бақылауға ала аламыз.

Елден ұрланған миллиардтар туралы сөз болғанда, тағы мынадай сұрақтар туады:

  • «Қазақмыс» компаниясы қазақ халқына тиесілі қазба байлықтың 30 пайызына қалай ие болды?
  • Құрамында назарбаевтық кланның үлесі бар «Еуразиялық топ» халықтық байлықтың 40 пайызын қалай иемденіп кетті? Аталған осы екі компания соңғы он жыл көлемінде қазынаға қанша салық төледі?
  • Осы кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметін қадағалауы тиіс «Самұрық-Қазына» Ұлттық қоры капиталды қайтару тақырыбында қандай әрекеттер жасап жатыр?

Осы сұрақтарға байланысты үкіметтік түсініктеме жауапты жазбаша түрде қайыруыңызды сұраймын,

деді Ермұрат Бапи депутаттық сауалында.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

15 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago