Categories: Галерея

Бари Алибасов арғын екені рас па?

Міне, 30 жылдан астам уақыт Бари Алибасов Ресей шоу-бизнесін шулатып келеді. Өзі ән айтып, би билемесе де, оның есімін бүкіл ТМД жұрты біледі. Аты да, заты да ерекше Бари Алибасовтың шыққан тегі көпшілікке әлі де қызық.

Ол кішкентай кезінен тәуелсіз әрі өмірге құштар болып өсті — есерсоқ мінезі үшін комсомолдан да шығарылды (нақтырақ айтқанда — өзі құрған топтың концертіне билет сатпақ болған) және бірнеше рет мектептен шығарылған. Оның 1947 жылы дүниеге келгенін, ал бұл жағдайлар 60-жылдардың басында болғанын ескерсек — Бари ата-анасының шашын біраз ағартқан ұқсайды.

Бауыржан Кәрімұлы Әлибасов сол кездегі ҚазССР, Шығыс Қазақстан облысында қазақ пен татар отбасында дүниеге келген. Әкесі Кәрім Әлибасов арғын руынан шыққан, Шар Ауылшаруашылық банкін басқарған. Ал анасы балабақшада есепші қызметін атқарған.

Бала кішкентай кезінен орыс тілді болып өсті, сол жерді мекендеген славян ұлттарының ықпалымен көп қазақ есімдері орысша мәнер тауып жатты, сондықтан әкесін көбі Николай деп, ал баласын Бари деп атап кеткен.

Бари балалық шағын Шар теміржол станциясында өткізген. Шағын ғана ауылда көңіл көтеретін жер де аз болатын. Сондықтан Бари мектепте оқып жүріп өз тобын құрады. Бұл ансамбльмен ол жақын маңдағы колхоздардың бәрін аралап шығады.

Кейін Өскемен жол-құрылыс институтына түскен соң да, әскери борышын өтеп жүріп те өнерпаздардың басын қосып, түрлі ансамбльдер құрудан жалықпайды.

Алайда оның нағыз музыкалық мансабы 1966 жылы «Интеграл» джаз тобын құрғаннан кейін басталды. Ерекше келбеті мен әндерінің арқасында Одаққа танымал болады. Ол Кеңес үкіметіне көптеген музыкалық жанрлардың бетін ашып берді: рок-н-ролл, психоделикалық рок және кантриге дейін.

Обалы не керек, Баридің ақша табуға деген түйсігі мықты болды. Кеңес одағы ыдырап жатқанда ол елге не керегін нақты біліп, сұранысына сай топ құрды. 1989 жылдан бері «На-на» тобының әндерін білмейтін ТМД-да адам аз еді.

Топты қазірде көбі ұмытқанымен, Бари Алибасовтың есімі әлі күнге дейін ел аузында…

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago