Спорт

Бас бапкер: Бәрін журналистер мен блогерлер шешcе, біз не істеп жүрміз?

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Олимпиада жолдамасы алынбаған жалғыз салмақ дәрежесі туралы айтты.

Қазір бокстан Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 6 лицензиясы бар. Тек 63,5 келі салмақ дәрежесінде жолдама жоқ. Енді Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирде осы салмақ бойынша жолдама алуға мүмкіндік бар. Мырзағали Айтжановтың айтуынша, журналистер мен блогерлер бұл жарысқа 67 келідегі боксшы Дулат Бекбауовты апару керегін айтып жатыр екен.

Біріншіден, Дулаттың жеке бапкері осы салмаққа ауысатыны жайлы бір ауыз сөз айтқан емес. Екіншіден, бәрін журналистер мен блогерлер шешетін болса, біз ұлттық құрамада не істеп жүрміз? Үшіншіден, Дулат Бекбауов ұлттық құрама мүшесі. Егер 63,5 келіге ауысатын ойы болса, бізге келіп айтуы керек, жарыстарға осы салмақта қатысуы керек. Егер мұндай ниеттері болса, құрама бапкерлеріне айтуы тиіс. Содан соң, біз осы салмақтағы боксшылармен жұдырықтастырып, бәрін бағамдаймыз. Дулат пен бапкері маған бұл ойы туралы айтқан жоқ.  Ұлттық құрама мүшесі, егер салмақ ауыстыратын болса, тікелей келіп ақылдасуына еш кедергі жоқ. Ал жарысқа екі ай қалғанда мұндай әңгіме айту ойға қонбайды,

деді бапкер.

Мырзағали Айтжанов Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге 63,5 келі салмақтан кім баратыны әлі белгісіз екенін, боксшылардың арасында іріктеу өтіп, ең мықтысы ғана жарысқа жіберелетінін де атап өтті.

Айта кетейік, бокстан екінші және соңғы әлемдік лицензиялық турнир 26 мамыр мен 2 маусым аралығында Бангкокте (Таиланд) өтеді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago