Бас прокуратура: бизнесті тексеру 7 есеге қысқарды

Қазіргі жаһандық сын-қатерлер мемлекет және кәсіпкерлерден жаңа «ойын ережелерін» талап етеді. Ал жаңа талаптар ең алдымен, бизнесті заңсыз тексерулерден және әкімшілік кедергілерді қысқартудан қорғауға, кәсіпкерлерді қылмыстық шеңберге негізсіз тарту фактілерінің жолын кесуге және осы салаларды цифрландыру мен автоматтандыруға қатысты. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен «Бизнестің прокуратура органдарымен кездесуі» форумында Бас Прокурор Берік Асылов айтты.

Бизнеске кедергі келтіру, заңсыз араласу мәселелері талқыланған отырысқа Бас Прокурор Берік Асылов, Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, «Атамекен» ҰКП, негізгі министрліктер басшыларының, Парламент депутаттарының, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар, бизнес және адвокаттық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Форумға қатысушылар Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің проблемаларын шешу тапсырмасы бойынша нәтижелерімен таныс болды.

Жалпы, биыл Мемлекет басшысының бизнесті қорғау тапсырмаларын орындау мақсатында бизнесті тексеру 7 есеге қысқартылған. Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (ТСОБТ) автоматтандырылған жүйе арқылы жыл сайын мыңға жуық заңсыз тексерулердің жолын кескен. Соңғы бір жарым жылда 35 мың кәсіпкерге қатысты 1,5 млрд теңгеге әкімшілік айыппұл алынып тасталған.

Жиында баяндама жасаған Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев биыл бизнес субъектілеріне қатысты заңсыз қылмыстық істердің тоқтатылғанын айтты.

Оның сөзінше, құзырлы органдар пандемия кезінде бизнесі тұралап қалған кәсіпкерлерге «жығылғанға жұдырық» болмай, жөнсіз мазаламай, керісінше «жағдайын жақсартуға дәнекер болу» керек.

«Биыл Бас Прокурордың 2 қыркүйектегі қылмыстық қудалау органдарының атына адал кәсіпкерлерді қылмыстық процеске заңсыз тартудан қорғайтын тетіктер мен нақты ережелер жазылған нұсқауын бизнес өкілдері оң бағалады. Жаңа талаптарды орындау қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетті. Мысалы, егер бұрын кәсіпкерлерге қатысты ай сайын 150-ге жуық қылмыстық іс тіркелсе, қазір олардың саны төрт есеге азайды. Жалпы, биыл  бизнес субъектілеріне қатысты заңсыз қозғалған 400-ден астам қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру, салықтан жалтару, капиталдың жылыстауы жалғасып жатыр. Мұндай заң бұзушылықтар көбінесе, үлестік құрылыста, еңбек құқықтарын және т.б. салаларда кездеседі», – деді Ж.Өмірәлиев.

Айта кетейік, биыл прокурорлар бизнес өкілдерін толғандырған бірқатар мәселені шешкен. 32 экономикалық құрамды ізгілендіруді жүргізген және ҚК-нің 28 бабы бойынша қылмыстық жазаны жеңілдеткен. 29 құрам бойынша (Экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша) бизнеске қамауға алуды қолдануға тыйым салған. 10 құрам бойынша залалды толық өтеген кезде қылмыстық қудалауды тоқтатқан.

Мұның барлығы бизнеске қатысты қылмыстық істерді 5 есеге, тұтқындалғандар санын 2,5 есеге дейін қысқарған. Нәтижесінде бизнесті тексеруге қатысты тәртіп бірізге түскен.  

Бизнеске қатысты тексерулер бойынша прокурорлар қабылдаған шаралардан хабардар болған қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді, көкейтесті сұрақтарын қойды. 

Жиын қорытындысында Бас прокуратура, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Бизнес-Омбудсмен бизнестік қорғау жөніндегі үшжақты кешенді іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago