Фото: dailynews.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Владислав Челахтың қылмыстық ісін оның президентке жазған өтініші мен тергеуді қайта бастау туралы өтінішінен кейін зерттеу үшін сұратып алғанын мәлімдеді.
Редакция Владислав Челахтың өтініші жөнінде жолдаған сауалға берген жауапта атап өтілгендей, Қылмыстық-процестік кодексінің 486-бабына сәйкес, бас прокуратура сотталушының арызын тексеру мақсатында қылмыстық істі сұратып алды.
«Сотталғанның уәждері Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңында және Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен тексеріледі,
деді Дубаева.
22 желтоқсанда Владислав Челахтың өтініші Бас прокуратураға түскені белгілі болды.
Бұған дейін ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ісі бойынша тергеуді жалғастыруды және одан жауап алуды сұраған еді. Тұтқында отырған Челах қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып беруге дайын екенін жеткізді.
2012 жылғы мамыр айының соңында «Арқанкерген» уақытша шекара заставасының байланысы тоқтап, ол жерге басқа заставадан шекара наряды жіберілді. Келген шекарашылар казарманың ғимараты өртеніп кеткенін, оның ішінде 14 мәйіт жатқанын анықтады. Сондай-ақ жақын маңдағы аңшылар үйінен қорықшының денесі табылды.
Бірнеше күннен кейін тірі қалған жалғыз шекарашы, 19 жастағы қатардағы сарбаз Владислав Челах ұсталды. Алғашында ол әріптестері мен аңшыны өлтіргенін мойындады, бірақ кейін бұл айғақтарынан бас тартты.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…