Іс материалдарымен танысу бойынша уақыт шектеуі қойылмаған.
Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni.
Биыл тамызда ҰҚК Кәрім Мәсімовке (және орынбасарларына, – автор) қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаған. Қазір айыпталушылар іс материалдармен танысып жатыр. Ол белгілі бір уақытты алуы мүмкін. Бұл – айыпталушылар мен олардың адвокаттарының белсенділігіне байланысты. Іспен танысуға қатысты уақыт шектеуі жоқ,
деді Әсет Шындалиев Мәжіліс отырысынан соң.
Еске сала кетсек, 25 тамызда ҰҚК Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаған болатын.
Қаңтар оқиғасынан кейін Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған еді. Ал 6 қаңтарда ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…