Categories: Қоғам

Бас прокурор: Дикий Арман ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткен

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев қаңтар қырғыны кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кураторының үйлестіруімен әрекет еткен. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Алматыда жүргізілген тергеу бойынша, Жұмагелдиевке («Дикий Арман») ерекше рөл жүктелген. Оның ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін анықтадық. Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, жиналғандарды бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптар қою үшін «халық кеңесін» құруы керек болды,

деді бас прокурор Мәжілістің жалпы отырысында.

Прокурордың сөзінше, Дикий Арманға Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген бандиттерді қаруландырған Махатов криминалдық тобының мүшесі көмектескен.

Алайда олар жаппай наразылық акциясын басқара алмады. Адамдар оларға ілеспеді. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы ұсталғаны туралы ақпарат алғаннан кейін, сенімді алиби құру мақсатында содырларға тонауға қарсы күрес деген желеумен қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылды,

деді Берік Асылов.

Асыловтың айтуынша, осы мақсатты орындау үшін олар 6 қаңтарда Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақүйлерінің тұрақтарында әр жерден кездейсоқ 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып, ұстаған.

Кейіннен олар қаланың шетіне жеткізіліп, түні бойы ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерге орналастырған. Содан кейін олар әуежайға жеткізілді, онда бір адам — Өтепбаев азаптаудан қаза болды. Осы деректер бойынша тергеу аяқталды. Қазір танысу жүріп жатыр,

деді бас прокурор.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago