Categories: Қоғам

Бас әскери прокуратура зорлық-зомбылық жоқ деп ерте тұжырым жасады – Бекбол Мираштың адвокаты

Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне қарасты Жамбыл облысы «Шөлдала» әскери бекетінде асылып өлген Бекбол Мираштың ісі бойынша сараптама қорытындысы әлі шыққан жоқ. Бұл туралы оның, яғни Мираштың жақындарының адвокаты Айман Омарова мәлім етті.

Айта кетейік, кеше Бас әскери прокуратура Бекбол Мираштың ісі бойынша зорлық-зомбылық жасалды деген нұсқа расталмағанын мәлім етті.

Бас әскери прокуратура қосымша сараптамалардың қорытындысы шықпай, осындай сеніммен тұжырым жасады. Бұл дегеніміз – іс обьективті түрде қаралып жатпағанын тағы бір рет дәлелдеп отыр. Өйткені, істің тергеушісі Мираштың киімдері мен денесінен аты-жөні белгілі үш ер адамның және аты-жөні әлі анықталмаған екі адамның биоматериалы табылғандықтан, қосымша сараптама тағайындайды. Оның үстіне, Мираштың киімінен шәуеті табылған әлгі үш адам әлі тергелмеген. Яғни, бұл істе шынымен обьективті тергеу жоқ. Тергеуші тағы да сексенге жуық адамның биоматериалына сараптама тағайындады, оның қорытындысы әлі жоқ. Ал Бас әскери прокуратура мәлімдеме жасап қойды,

дейді зардап шеккен тараптың адвокаты Айман Омарова.

Еске салсақ, 2022 жылдың 19 тамызында Ұлттық қауіпсіз комитеті Шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген, 2004 жылғы Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған болатын. 1 қыркүйекте сарбаз өліміне қатысы бар деген күдікпен әскери қызметкердің ұсталғаны хабарланды.

Кейіннен аталған күдіктінің адвокаты С. Пралиев баспасөз мәслихатын өткізіп, асылып өлген сарбаздың ауыз қуысынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті анықталғанын, алайда тергеу аталған деректі назарға алмай отырғанын мәлімдеп, қоғамдық резонанс туғызған болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago