Categories: Саясат

«Батыстың қазба байлығы тек Батыс халқынікі емес»: кәсіпкер жаңаөзендіктердің талабы жайлы

Белгілі меценат, Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы Жұмабек Жанықұлов Жаңаөзен жұмысшыларының наразылығына қатысты пікірін айтты.

Біріншіден, батыстағы жер асты байлықтары бүкіл қазақ халқының мүлкі! Тек Батыс халқынікі емес. Басқаша айтатындар – елімізге жақсылық тілейтіндер емес.

Екіншіден, батыс өңірінде шерулерді шантаж құралына айналдырып, мыңдаған адам еңбексіз айлық алып жүр. Басқа өңірлермен салыстырғанда жалақысы 2-3 есе жоғары. Бұл қаншалықты әділетті?

Үшіншіден, нарықтық экономикада, егер жұмыс шарттары ұнамайтын болса, әрқашан таңдауың бар. Мысалы басқа жұмыс табу немесе басқа өңірге көшу.

Кәсіпкердің сөзінше, кез келген компанияның мақсаты –  пайда табу.

Әр кәсіпорын тиімді болу керек. Егер пайда таппаса, ондай кәсіпорын кімге керек?!

“Өзенмұнайгаздың” дәл қазір кірісінен шығысы көп. Кез келген кәсіпорын тендерден ұтылып қалып, жұмысшыларын алаңға шығара берсе елде хаос орнайды. Бұл ел мүддесі үшін дұрыс емес деструктивті ұстаным. Әлемнің дамыған елдерінде мұндай шерулерді өткізудің механизмдері мен тәртібі орнаған. Бәрі оған бағынады, заң бұзылмайды. Түрлі келіссөздер алаңдары дамыған. Бізге де осы мәдениетті қабылдау керек

Ескі жүйенің  қателіктерін мәдениетсіз, заңсыз жолдармен түзету мүмкін емес.

Еске салсақ, 10 сәуірде  Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 80-ге жуық жұмысшысы Астанаға келіп, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына наразылық білдірді.

Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жұмыс талап етті. Кейіннен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы өзіне тиесілі екі компаниядан жұмыс ұсынды, алайда олар бас тартты.

11 сәуір күні кешке пикет ұйымдастырған Жаңаөзен мұнайшыларын қауіпсіздік қызметкерлері ұстап әкетті. Жерлестерінің ұсталғанын естіген бойда Жаңаөзенде жергілікті кәсіпорындардың қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, Астанада ұсталған жұмысшыларды босатуды талап етті.

12 сәуір күні таңертең жаңаөзендік мұнайшылар үйлеріне қайтып бара жатқандарын мәлімдеп, жерлестеріне алғыс айтты.

Бас прокуратураның дерегінше, Астанада Жаңаөзеннен келген 126 адам ұсталған. Олардың бесеуі “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабы бойынша ескерту түрінде жаза тағайындалған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago