Categories: Оқиға

Бауыржан Байбектің әкесіне үкім шықты

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында Қыдырғали Байбекке қатысты әкімшілік іс бойынша үкім шығарылды.

Отырыс жауапкерсіз өтті. Байбекке заңсыз құрылыс және қажетті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін айып тағылды.

Сотта Қыдырғали Байбектің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы ескертусіз «Әулие» ТК-дегі тұрғын емес үй-жайға жеке кіру үшін есік ойығын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгені анықталды.

Нәтижесінде үй тұрғындары бұл әрекеттерге шағымданды. Жоспардан тыс тексеру жүргізілді, есік пен қосымша құрылыс шынымен заңсыз орнатылғаны белгілі болды.

Сот жауапкерді кінәлі деп тауып, 51 750 теңге айыппұл салды.

Еске салайық, бұған дейіе Бауыржан Байбектің әкесі Астанада сотталып жатқаны хабарланған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago