Categories: Қоғам

Beeline Ресей телеарналарын еркін өшіре алады

Қазақстандағы Beeline енді Ресейге бағынбайтын болды. Ресейлік «Вымпелком» Қазақстандағы Билайнның 75% акциясын нидерландтық VEON телекоммуникациялық холдингіне 611,2 миллион долларға сатты.

Бұған дейін, 2022 жылдың күзінде қазақстандық Beeline өз кабельді жүйесінен (BeeTV) ресейлік пропагандистік телеарналарды өшіргенде, РФ президент әкімшілігіндегі шенеуіктер «Вымпелком» басшылығына қоқан-лоққы көрсетіп, Beeline тез арада өшкен арналарды эфирге қайтарған болатын.

Енді Ресей олай істей алмайды. Оның біздегі Beeline компаниясына еш қатысы жоқ. Біздегі Билайнның 75% акциясы VEON холдингінде, 25% акциясы Болат Өтемұратовтың қолында.

Beeline шынымен де жарқын жаққа өтті. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, жаз айларында VEON Beeline пакетінен Ресей телеарналарын алып тастау бойынша бастама дайындайды. Оған Болат Өтемұратов келісім берсе болғаны.

Болат Өтемұратовтың саяси көзқарасы әлі күнге дейін құпия болып келе жатыр. Ол астыртын Путин мен Кремльді қолдай ма, жоқ әлде соғысқа қарсы ма, ол жағы белгісіз. Бірақ оған бәрібір позициясын білдіруге тура келмек. Жазда Beeline кабельді жүйесінен Ресейдің пропагандистік арналары жоғалып кетсе, онда Болат Жәмитұлы да жарқын жаққа ауысты деп түсінетін боламыз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

7 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

14 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

14 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

15 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago