Beeline ресейлік 15 телеарнаны көрсетуді тоқтатады

Олардың арасында «Россия 24» пен «Первый канал» бар, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Beeline Қазақстан операторы 5 қазаннан бастап «TV+Үйдегі интернет» пакетінен және BeeTV сервисінен ресейлік телеарналар алып тастайынын хабарлады. Енді Beeline пакетінде Ресейдің мына арналары болмайды:

  • «Дом кино»
  • «Победа»
  • «О!»
  • «Первый канал СНГ»
  • «НТВ МИР»
  • «Карусель International»
  • «Россия 24»
  • «Музыка Первого»
  • «РТР Планета»
  • «Время: далекое и близкое»
  • «Телекафе»
  • «Поехали»
  • «Дом кино Premium HD»
  • «Бобёр»
  • «Россия К»

Оператор ресейлік телеарналардың орнына «Еврокино», «Любимое Кино», «1HD music», «Еда Премиум HD» арналары көрсетілетінін мәлімдеді.

Ресей Украинаға басып кірген соң Қазақстанға ресейлік кремлшіл телеарналардың ықпалы жайлы көп айтыла бастаған.

Сәуірде қоғамдық пікірге мониторинг жасайтын Demoscope бюросы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың едәуір бөлігіне Ресей пропагандасы әсер етіп жатыр деп мәлімдеген. Зерттеу авторлары қазақстандықтар Ақорда мен жергілікті басылымдардың мәлімдемесінен гөрі Ресей басылымының агрессивті ақпаратын қабылдайды деген еді.

Ақпанда Ресей Украинада басып кіргенде Қарағанды облысындағы «Ремстройсервис» компаниясы соғысқа наразылық ретінде Ресей телеарналарын өшіріп тастаған. Интернет пен телевидения қызметін ұсынатын компания «соғысқа қарысымыз және соғыс пропагандасына қарсымыз» деп мәлімдеген. Бірақ компания сол күні ресейлік телеарналарды қайта қосқан.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago