«Бекер кеткен екенмін деп өкінетін»: Нұрқаділовтің бірінші әйелі

Танымал саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова әнші Мақпал Жүнісова мен күйеуінің арасында махаббат болғанына сенбейді. Бұл туралы Нұрқаділова «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.  

Заманбек Нұрқаділов не себепті өмірлік жарын екі баламен тастап, басқа әйелке кетіп қалды?” деген жүргізуші сауалына Нұрбике Нұрқаділова:

Білмеймін. Махаббат деді ғой. Екеуіміз үйленгенде махаббат пен кедейшілік болды. Студенттік степендияға, ауылдан келетін сәлемдемеге өмір сүріп жүрдік. Ал кейінгісі есепке құрылған махаббат. Дайын асқа тік қасық болып, біреулерге әкім күйеу керек болған шығар. Екі адамның ортасына үшінші адам аралсқаннан кейін өмір бұзылады. Енді бір ойым, саясаттың құрбаны болды ма екен деймін. Лауазымы өспесін дегендер жолын кесті ме екен, білмеймін,

дейді ол.

Нұрбике Нұрқаділова күйеуінің өліміне өнер иесінің де қатысы болуы мүмкін деген күдігін де жасырмады.

Мақпалға “Заманбекті үйінен алып кету керек” деген тапсырма берген шығар. Менімен қызметі де өсті, денсаулығы да жақсы болды, ішімдік те ішпейтін, артық салмағы да болмайтын. Мақпалмен Зәкең бар кезде де, өмірден өткеннен кейін де сөйлескен емеспіз. Біз сөйлеспейміз, араласпаймыз. Өзі хабарласқан емес, хабарласпай-ақ қойсын, мен оны керек етіп жүрген де жоқпын. Маған бөтен адам сияқты. Бірге араласып, шәй ішіп, шаруа шешкен адам емеспіз. Мақпалдан не тапқанын білмеймін, бірақ бір профессорға: “Қателік жасадым, бекер кеткен екенмін” депті. Бір видеосында марқұм менің атымды атап жылап отыр екен. “Қайыркен, кешір мені. Қайтатын жолым жоқ” деп жылағанын көрген адамдар бар екен,

дейді саясаткердің бірінші әйелі.

Нұрбике Нұрқаділованың айтуынша, ол күйеуін үйден кеткенде-ақ кешіргенін айтты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago