Беларусь Республикасы ШЫҰ құрамында: ресмилік пе, әлде НАТО-ға жауап па?

12 шілдеде Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Владимир Норов Беларусь Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) толық құқықты мүшесі болу үшін өтінім жасағанын мәлімдеді. Иран ұйым құрамына 2022 жылы кіреді. Қалған геосаяси әлем үшін осы екі жағдай нені білдіретінін саясаттанушы, президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты эксперті Асқар Нұрша айтып берді.

Ықпал ету аймағын кеңейту

— Асқар, әлемде қазір болып жатқан саяси жағдайлар және Беларусь Республикасы мен Иранның ШЫҰ-ға мүше болуына қатысты мәселенің жедел шешілуі арасында байланыс бар ма?

— Беларусь Республикасы ШЫҰ-мен серіктес болуға қатысты айтарлықтай ұзақ жолды жүріп өтті. Бәрі 2004 жылы ШЫҰ-да бақылаушы мемлекеттер институты енгізілген кезден басталды. Содан кейін 2009 жылы Беларусь Республикасына диалог жөніндегі серіктес деген мәртебе беру мәселесі шешілді. Бұл 2010 жылғы сәуірде ШЫҰ мен Беларусь Республикасы қол қойған меморандум арқылы рәсімделді. Ел диалог бойынша серіктес мәртебесімен 5 жылдай тұрып, 2015 жылы бақылаушы елдер позициясына — келесі кезеңге өтті.

Сонда бақылаушы елден жақында ғана ШЫҰ-ға кіруге өтінім бергенге дейінгі уақытқа 7 жыл кеткен. Процедуралық тұрғыдан қарағанда, әңгіме 12 жыл бойы күткен уақыт туралы болып тұр.

Солайша, Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға кіру шешімі тосыннан болған жағдай емес. Оның үстіне, ШЫҰ-да диалог бойынша серіктес және бақылаушы ретінде Беларусь Республикасынан басқа да бірқатар ел бар. Мысалы, ШЫҰ-ның 2022 жылғы қыркүйектегі саммитінде ұйымға Иранның толық мүше ретінде кіру мәселесі шешіледі. Беларусь Республикасының өтінімі өндіріске қыркүйекте қабылданса, ұйымға толық мүше болу жолы, шамамен, ШЫҰ-ның 2023 жылғы саммитінде аяқталады.

— Онда мынадай сауал туады: Беларусь Республикасына ШЫҰ, ал ШЫҰ-ға Беларусь Республикасы не керек?

— О баста ел ұйыммен диалог орната отырып өзін ШЫҰ-ның Еуропадағы батыс қақпасы ретінде ұсынды. Шамамен, 2009 жылға дейін ұйымға жаңа мүше қабылдауға мораторий жарияланды. Өйткені ұйым геосаяси жағынан да, құқықтық база тұрғысынан да жаңа мүше қабылдауға дайын болмады. Көп құжатқа әлі қол қойылмаса да, көптеген ел серіктес болуға асықты. Не үшін?

Өйткені қазіргі уақытта Беларусь Республикасының Батыс Еуропадағы көршілерінен гөрі ШЫҰ елдерімен ортақ нәрсесі көп. ШЫҰ жариялайтын нормаларды, құндылықтар мен басымдықтарды талдасақ, жалпы оның бәрі Беларусь Республикасының сыртқа саясатындағы басымдықтары мен мақсаттары сай келеді.

Сондықтан қазіргі жағдайда ШЫҰ-ның өзі үшін бұл аумақтық жауапкершілік аймағын, қызмет географиясы мен ықпал ету аймағын кеңейтуді білдіреді.

ШЫҰ өзін геосаяси текетіреске бейімделген ойыншы ретінде көрсетпесе де, ұйымға Иран мен Беларусь Республикасы сияқты елдердің кіруі, жалпы алғанда, ұйымның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға көмектеседі.

Оның үстіне,

Шанхай ынтымақтастық ұйымында өте маңызды үш ойыншы бар, олар: Ресей, Қытай және Үндістан. Бұл елдердің әрқайсы сыртқы саясатында әлемнің дамуын, көп полюсті негізде әділ халықаралық тәртіп жасауға басымдық береді.

Сондықтан ШЫҰ-ға оның қатысушылары дәл көп полюсті әлем жасау құралы ретінде қарайды. Бұл мемлекеттер көп полюсті әлем мен әділ тәртіптің батысшылдығы азырақ деп санайды. Сондықтан көп полюсті және жаһандық басқарудағы ұлы державалардың теңдестірілген өкілдігіне мән беретін Иран да, жалпы Беларусь Республикасы мен Иранның басымдықтары ұйымның басымдықтарына сай келеді.

Әрине, геосаясатпен қатар экономикалық мүдде де бар. Жалпы алғанда, ШЫҰ алғашында қауіпсіздік саласындағы ұйым ретінде құрылғанымен, мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық құралдарын белсенді түрде дамытып жатыр. Демек іс жүзінде ол бірте-бірте экономикалық белсенді өзара әрекеттесу аймағын құруға қарай дамиды.

ШЫҰ мен геосаяси бейтараптық

— Қазір Батыс әлемінің Ресейге қарсы әрекетін тікелей мойындамайтын немесе осыған байланысты бейтараптықты ұстанатын елдер ШЫҰ-ға біртіндеп жиналып жатыр, яғни Батысқа қарсы блок құрылып жатыр деген байлам жасауға бола ма?

— Бұл туралы қыркүйек айына жоспарланған саммиттің қорытынды құжаттары қабылданған кезде нақты айта аламыз. Оларда санкциялар айыпталса, біз мұндай параллельді біржақты түрде жүргізе аламыз.

Ресей-Украина қарулы қақтығысы феноменінің өзі ШЫҰ алаңында әлі қарастырылмады, саммиттегі талқылаудан кейін бағалануы мүмкін. Сондықтан ШЫҰ туралы қатаң тұжырымнан аулақ болар едім.

— ШЫҰ-ның геосаясаттағы НАТО-ның толыққанды қарсыласы болу мүмкіндігі мен перспективасы бар ма?

— «НАТО — Ресей» деген қарама-қарсылық әлемдік саясатта көбіне Еуропа мен Еуроатлантика аймағына жатады. Бұл ретте

ШЫҰ-ның негізгі бөлігін құрайтын елдер планетаның басқа бөлігінде орналасқан. Экономикалық география тұрғысынан алғанда, бұл мәселе басқа елдер үшін өткір емес.

ШЫҰ дамуының бұрынғы тәжірибесі ұйымның өзінде мүлдем басқа позициялардың, пікірлердің және ішкі қайшылықтардың бар екенін көрсетті. Өзіндік күн тәртібі бар елдер бар және олардың күн тәртібі ылғи да сай келе бермейді. Сондықтан ШЫҰ дамуының кейбір кезеңінде, мысалы, жекелеген елдердің шектен тыс геосаясаттанғысы келмейтіні, батыспен текетіреске баса назар аударғысы келмейтіні байқалған тренд болды. Мысалы, оған Үндістан мен Пәкістан арасындағы қайшылықтар, Қытай мен Үндістан арасындағы белгілі бір бәсекелестікті жатқызамыз.

Сондықтан мен ШЫҰ-ны тұтастай алғанда аймақтық ынтымақтастықтың қандай да бір балама платформасы және болашақта әділетті көпполярлы әлем құрудағы маңызды ойыншы деп айтар едім.

Оның үстіне, Ресей мен НАТО арасындағы жанжал кейінгі жылдары қатты білінді. Иә, НАТО шығысқа қарай кеңейді, бірақ ол кезде қарулы құрам жоқ еді.

— Демек НАТО деңгейіне дейін соғыс ісіне бейімделу, Солтүстік Атлантикалық альянстың қарсыласына айналу перспективалары жоқ қой?

— Жалпы, ШЫҰ елдері біржақты санкцияларды айыптап Ресейге қолдау білдіре алады. Дегенмен олар бұлай артық кетіп, Батыспен геосаяси текетірестің авангардына кіруге дайын болады деп ойламаймын. Сондықтан ШЫҰ бұл жағдайда бейтарап позиция ұстануға тырысады деген пікірдемін.

Менің ойымша, Ресей ұйымның алаңында өз күн тәртібі арқылы белсендірек болуға тырысады. Бірақ «Оны қай елдер қолдайды?» деген сұрақ әлі бар. Мұны қыркүйектегі саммит көрсетеді. Екіжақты деңгейде қандай да бір дайындық бар шығар, бірақ оның ШЫҰ-ның бүкіл құрылымына енетіні туралы айтуға әлі ерте. Мысалы, Қытай мен Үндістан Батыспен құны миллиардтаған доллар тұратын экономикалық қарым-қатынас орнатып жатыр. Сондықтан олар бұл экономикалық байланыстарды дау-дамай аясында да үзуге дайын деп ойламаймын. Сірә, олар белгілі бір қашықтық сақтайтын шығар.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago