Белгілі актриса Дариға Бадықова жол апатына ұшырады

Оқыс оқиға Сарыағаш ауданының тұсында болған.

“Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен танымал актриса Дариға Бадықова мен оның жолдасы жол апатына ұшырады. Бұл туралы өнер иесінің өзі айтты.

Ол жолдасымен бірге Сарыағашқа іс-шараға барған. Көліктерін қонақүйдің алдына тастап, басқа көлікке отырыпты. Той керемет өткен соң, Шымкентке жолға шыққан. Сарыағашқа жеткен кезде жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен. Ұйқтамай келе жатқан актриса «өлдім, болды» деген жан айқайы шыққаннын жасырмады. Тіпті көліктің дөңгелегі ұшып кеткенін өз көзімен көрген. Терезесінің әйнектері бетіне, шашының арасына кіріп кетіпті.

Біраз адамдар айтып жатады, иә? «Отбасың, бала-шағаң, ол сенің жеке өмірің, көрсетпе, көз өтеді, сөз өтеді». Ол сөз бекер емес қой, иә? Отбасымды көрсетпеуші едім. «Әлде ойнаған рөлі өмірде қайталанды ма? Мүшел жас па?» деген ой мазалады. Әрине, бәрі — жаратушының ісі. Десе де, көп жерде өзімізді сақтандыра алмай жатамыз ба?

деді ол.

Актриса бірден ауруханаға жеткізілгендерін атап өтті. Жол апатынан ең қатты зардап шеккен актрисаның жолдасы болып шықты. Оның бір қолы морт сынған, шекесін тігуге тура келген.

Жедел жәрдем тез келді, ауруханаға апарды. Дарханды бірінші жібердік, бізге қарағанда жағдайы ауыр болды. Әйнек кірген шекесін шыңғыртып тұрып тікті. Қолын рентгенге түсірді, қолының жағдайы өте ауыр морт кеткен операция деді. «Гипс салып береміз, Алматыдан жасаңыздар» деді. Түнде қалаға келдік, жол бойы қолы шыдатпады. Бірден ауруханаға келдік, травматологтар шошып «операцияға дайындаймыз» деп жатқызып тастады. Менің бетім сырылды, шынтағыма зақым келді,

деді Дариға Бадықова.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago