Фото: ашық дереккөзден
«BI Group» директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Украинаға гуманитарлық көмек көрсетіп келгенін жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Ирпень, Бородянка, Буча, Миколаев. Өте қорқынышты. Жойылып кету қаупі бар. Соғыстың алғашқы күндерінде Киевтен 60 шақырым қашықтықта орналасқан Бородянка қаласының қарапайым тұрғындары қорғаныстың жарқын үлгісін көрсеткен. Олар қалаға танктер мен бронетранспортерлер колоннасын өткізбеген. Яғни қалаға кіре берістегі көп қабатты үйлердің тар көшесінің терезелерінен жанғыш қоспасы бар бөтелкелермен лақтырып қорғаған. Ал келесі күні бүлікшіл ұшақтар келіп, көп қабатты үйлерді бомбалаған. Сөйтіп, 38 адамның өмірін қиған.
Ол соғыс бұл күндері қарапайым тұрғындардың трагедиясы, параллель әлем сияқты деп айтты. Соғыстан кейін бөлмелерде кітап сөрелері бар шкафтар, ыдыс-аяқтары бар үстелдер, еденде ойыншықтар қалған деп отыр.
Менің ойымша, әйгілі Бенксидің өз суреттерін дәл осы үйлердің қабырғаларына салуының сыры бар. Олар өз жерін, қаласын, үйін қорғаушылардың ерлігін еске алу үшін салған. Өз қаражатыма аурухананың бомбаланған бөлігін қалпына келтіруге шешім қабылдадым. Соғыс жалғасып жатыр. Бірақ адамдар азат етілген аудандарға орала бастады. Сол себепті оларға қазір көмек қажет
Ол сөз соңында ол жақтағы жағдайды сөзбен айтып жеткізе алмайсың деді. Бірақ қарапайым халық нағыз ерлік танытып жатқанын да айта кетті.
Қаңырап қалған үйлер өз үйін, елін, жерін қорғаймын деп құрбан болғандарға ескерткіш секілді,
дейді Айдын Рахымбаев.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…