Әлеуметтік желіге шолу

Белгілі азаматтардың қазақ тілін қолдауға шақырған ролигі көптің қолдауына ие болды

Ғаламторда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге арналған «Qazaqsha Jaz» парақшасында тілді қолдаған қоғамдағы белгілі азаматтардың ролигі жарияланды.

Qaz365.kz ақпараттық агенттігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланған «Qazaqsha Jaz» қозғалысының тілді қолдаған қоғамдағы белгілі азаматтардың ролигі желі қолданушыларының қолдауына ие болуда.

Ролик көптің көңілінен шығып, желі қолданушылары өз ұсыныстарын жазып жатыр.

Қазақстан мәңгілік ел бізге 5000 жыл жаса жасай бер, менің Қазақстаным,

деп жазады оқырманның бірі.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дегім келеді, қазақ тілі керемет әдемі тіл ғой қолдаймын!

деп қостайды оны екінші оқырман.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеретін уақыт баяғыда келді ғой. Бұл іске әр қазақ өзінің үлесін қосу керек,

дейді тағы бірі.

Кейбір азаматтар тілді қолдауды әр азамат өзінен бастауы керектігін жазады.

Кафе, автобус, магазинде тағы жерлерде қазақша талап етейік, өзімізден бастайық,

деп бастамаға үн қосады.

«Мен қазақтар басқаратын, құжаттары орысша жүріп, қазақшаға аударғысы келмейтін компанияда жұмыс жасаймын» деп өз көргенін айтады тағы бірі.

Кейбір азаматтар өзі кездескен мәселені айтады. Мәселен, бір қолданушы «балабақшада қазақша сөйлесін дегенім үшін директордан сөз естідім» дейді.

Жекеменшік клиникада тіркеудеміз, қол қағаздар орыс тілінде қазақшасы жоқ,

деп те жазып жатқандар бар.

Қазақ тілі мәселесінің жылдар бойы түйіні шешілмей келе жатыр. 30 жылдық тәуелсіз тарихында әлі күнге дейін мемлекеттік тіл толық тұғырына қонған жоқ. Мемлекеттік мекемелерде әлі де болса орыс тіліне басымдық беретіндер көп. Әсіресе, елдің шығыс, солтүстік бөлігінде ахуал қиын.

Еске салайық, ғаламторда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге арналған «Qazaqsha Jaz» парақшасында тілді қолдаған қоғамдағы белгілі азаматтардың ролигі жарияланды. Онда елге белгілі азаматтар, журналистер мен саясаттанушылар, әншілер қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге, сол арқылы тілді қолдауға шақырады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago