Белгілі кәсіпкер қайтыс болды

Шымкентте белгілі кәсіпкер, қалалық мәслихаттың бірнеше шақырылымының экс-депутаты Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы 62 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы OTYRAR хабарлады.

95-жылы Рәшкүл Жәлелқызы өзін кәсіпкер ретінде сынап көруді ұйғарған, оның алғашқы кәсібі шаштараз болды. Кейін жұбайы Әлішер Наматиллаұлы Толыбаевпен бірігіп ұн тарту зауытын ұйымдастырған.

2007 жылы Рәшкүл Жәлелқызы «Береке А» құрылыс компаниясының бас директоры болды.

Рәшкүл Оспанәлиева Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 4-шақырылым депутаты (2007-2011), Шымкент қалалық мәслихатының «Нұр Отан» ХДП ұсынылған депутаты (2006-2007) болған.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі (2002 жылдан). «Атамекен» Шымкент қалалық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының төрайымы (2006 жылдан).

Шымкент қаласындағы «Нұр Отан» ХДП Еңбекші аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі (2008 жылдан). 

ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы консультациялық-мәжілістік кеңес төрағасының орынбасары (2008 жылдан). ОҚО Азаматтық альянсының вице-президенті (2008 жылдан) болды. 

«Құрмет» (2006), «Признание» (Халықаралық әлеуметтік бастамаларды көтермелеу қорының, Ресей, 2008) медальдарымен; 

«Отандық тауар өндірісі және құрылыс» номинациясында «Әйел басшылық ететін үздік кәсіпорын» республикалық сайысының жеңімпазы ретінде ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның дипломымен (2005); 

«Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны мерзімінен бұрын орындағаны үшін» Оңтүстік Қазақстан облыстық сәулет, құрылыс және көркейту департаментінің дипломымен (2005); 

«Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін» ҚР Президентінің Құрмет дипломымен (2006); 

Орта кәсіпкерлік субъектілері арасындағы «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында «Парыз-2009» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша өткізілген сайыстың күміс лауреаты ретінде ҚР Президентінің дипломымен марапатталған; 

ҚР Президентінің алғысын алған (2005, 2007).

Жамбыл облысы Шу ауданының (2008), ОҚО Бәйдібек, Қазығұрт аудандарының (2008-2009) Құрметті азаматы.

Рәшкүл Жәлелқызы шенеуніктерге ыңғайсыз сұрақтарын қоюдан тартынбай, халықтың игілігі үшін еңбек етті. Сол үшін шымкенттіктер оны құрметтейтін,

делінген некрологта.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago