Фото: ашық дереккөзден
Спорт тақырыбын жазып жүрген журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасына белгілі комментатор Амангелді Сейітханның өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін деректерді жазды, деп хабарлайды Айқын агенттігі.
Ол жақында Қазақ Радиосындағы «Бестселлер» бағдарламасына сұхбат бергенін айтып, Амангелді Сейтхан туралы әңгіме қозғалғанын жеткізді.
Оның ішінде Аман ағаның тікелей эфирден шеттетіліп, комментатор болуына кедергілер айтыла бастады. Бұл енді көпшілікке белгілі жәйт қой. Плюс өзім біліп жүрген, бірақ, көбі біле бермейтін жағдайларды да айттым.
Мәселен, 2016-2017 жылдарға дейін микрофон ұстап, бізбен бірге «поляда» жүрді. Оны қызметте өсірмеу туралы тікелей бұйрық болды. Шетелдегі спорттық шараларға баруына мүмкіндік бермеді. Амалсыз, жұмыстан уақытша шығып, федерацияға не министрлікке келісіммен жұмысқа тұрады. Сөйтіп, солардың атынан ғана барып жүргенін көрдім. Редактор болған кезінде мәтінді өзгертуге, тіпті, эфирдегі материалға тиісуге тыйым салды,
деп жазды тілші.
Қаженов марқұм Амангелді Сейітханның жолын кескендер туралы да жазды.
Осы бар, өзгесі бар, барлығын жасап жатқан боғымен жасты қыз-жігіттер. Әрине, моральдық тұрғыда ауыр. Ағамыздың кемшілігі — соның бәрін ішінде сақтады. Ашық айтпады. Шерін тарқатпады. Соңында қайтыс болуына да сол түрткі деп ойлаймын. Өйткені, ковид кезінде осындай жаралардың беті ашылып, барлық ауру қозады ғой. Қысқасы, сөйтіп, Амангелді Сейтханды өлтірді. Ащылау болса да, ашығы осы ғой. Енді одан жақсы адам таппай жүрміз.
Қалай болғанда да, Амангелді өз биігінде қалды. Оның есімін де, еңбегін де көпшілік жақсы біледі. Біз тұрғанда насихаттала береді де. Ал, оның балағынан тартып, жан-жағынан жұлмалаған кімдер? Оларды ешкім білмейді. Олар әлі тірі жүр. Олар солай өмірден өтеді де. Өкініштісі, Амангелді Сейітхан сияқты талай адамды жалмап кетеді. Оларда өкініш болмайды. Олардың миссиясы сол ғана. Олардың қолынан басқа ештеңе келмейді. Радиодағы сұхбатты осындай ойлармен түйіндедім…
деп жазды Қаженов. Еске салайық, белгілі спорт журналисі әрі комментатор Амангелді Сейітхан 2021 жылы 16 тамызда 52 жасында короновирустан көз жұмған еді.
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…