Ресей мемлекеттік кино, фотоқұжаттар мұрағатынан белгілі Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллин бейнеленген кадрлар табылды, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.
Телеарнаның мәліметінше, мемлекет қайраткері бейнеленген бұл кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген.
Таспаны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының ғылыми қызметкері Ермұхамет Маралбек тапқан.
Сонымен қатар ғылыми қызметкер Мәскеу мұрағатынан тағы қандай құнды деректерді кездестіргенін айтып берді.
Мәскеу қаласына қазанның 19-27 аралығында 3 ғалым барған болатынбыз. Ресей мемлекеттік фотоқұжаттар мұрағатында болдық. Сол мұрағаттағы фотоқұжаттармен түгел танысып шықтық. Өзімізге қажеттілерін қарап шыққанда, Сәкен Сейфуллиннің бейнежазбасы кездесіп қалды. Сәкен Сейфуллинмен бірге, Ораз Жандос, Әліби Жангелдиннің бейнежазбасы осында түсірілген,
деді ғылыми қызметкер.
Ермұхамет Маралбектің айтуынша, бұдан бөлек Мәскеуден бірнеше құнды құжат табылған.
Ресей мемлекеттік Ленин атындағы кітапханада сирек қолжазбалар қорында жұмыс істедік. Алаш қайраткерлерінің көптеген еңбегі сақталған. Ахмет Байтұрсынұлы туралы ғылыми айналымда жоқ, еш жерде кездестірмеген еңбектері табылды. Ол туралы зерттей түсу керек. Зерттеу нәтижелерін алдағы уақытта жариялайтын боламыз,
деді Ермұхамет Маралбек.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…