Айтуынша, Аляутдинов Украинадағы қырғынды қолдап, дінді бұрмалаған.
Астаналық сарапшылар клубының атқарушы хатшысы Асқар Жапаров Facebook парақшасына пост жариялап, Шамиль Аляутдинов желтоқсанда бизнес-форумда «Өзіңнің үздік нұсқаң» тақырыбымен сөз сөйлеуге келмек ниетте екенін жеткізген. Және ел болып, жұрт болып, оның елге келуіне қарсы тұруға шақырды. Себебі ресейлік ментор Украинадағы қырғынды қолдайды.
«Ол Украинадағы жаппай қырғынды қолдайды. Біз осындай үздік нұсқаға лайықпыз ба? Оның Қазақстанда бітіретін шаруасы жоқ. Ұйымдастырушылар Аляутдинов еліме келуге тұрарлықтай емес екенін білуі керек. Біз мұндай оңбағанның келуіне шыдай алмаймыз»,
деп жазды Асқар Жапаров.
Ал кәсіпкер, қаржыгер және қоғам белсендісі Бақыт Ниязов Шамиль Аляутдиновтың дінді бұрмалайтынын алға тартты.
«Бұл туралы бұрыннан жазып келемін. Мен мұның нәтиже беретінін білемін, себебі квази-діни инфо-сыған Шамильдің билеттері аз сатылып жатыр. Ал онымен ойлану қабілеті жоқ адамдар бірге суретке түседі. Бізге оның Қазақстандағы «тамырын кесуіміз керек». Бірнеше кітапты онымен бірге жазғандықтан менің кез келген контентімді семинарларында қолдануға тыйым салғанмын. Бұл Украинадағы соғысты қолдаған соң орын алды»,
деп пікір жазды ол.
Кәсіпкердің сөзінше, өз кезегінде Қазақстандағы мұсылмандар басқармасы Шамиль Аляутдиновтың тренингтеріне тыйым салған.
«Бұл дұрыс болды, бірақ ол кезде біз мұны түсінбедік. Қазір уақыты келді. Шамиль Мухоряповтан да қауіпті. Себебі ол дінді бұрмалайды, адамдарды өлтіруге шақырады. Бұл барып тұрған экстремизм. Қоғам ұйымдастырушыларға қысым көрсетуі керек», – деп түйіндеді ол.
Шамиль Аляутдинов деген кім?
Stan.kz порталының мәліметінше, Шамиль Аляутдинов – Ресейдегі діни қайраткер, имам және Ислам және кәсіпкерлікке қатысты бірнеше кітаптың авторы, Құранды орыс тіліне аударған. 2019 жылы ол Ресейдегі ең ықпалды мұсылмандардың жүздігіне еніп, 10-орынға тұрақтаған. Ал 2012 жылдан бері ол өзінің авторлық «Триллионер» жобасын жүргізеді. Жоба аясында ол бизнес тақырыбында кітаптар жазып, Ресей және ТМД елдерінде бизнес-форумдар өткізеді.
Украина мен Ресей арасындағы соғыс басталған уақытта Шамиль Аляутдинов өз Instagram-парақшасында видео жариялап, Ресей нарығының құлдырауына қуанышын білдірген.
«Қандай сома екенін менен сұрамай-ақ қойыңыздар. Мен Ресейдегі бағалы қағаздарды сатып аламын», – дейді ол видеода.
Дегенмен көпшілік бейбіт халықтың қаны төгілген уақытта имамның пайданы көздегенін сынға алып, түрлі пікір қалдырған. Кейін Аляутдинов тағы бір видео жариялап, кешірім сұраудың орнына наразы топты «инвестициялық портфелі жоқ қалың тобыр» деп атаған.
«Сонда менің жылауым керек екен ғой. Қазір Таяу Шығыста қандай соғыс болып жатқанын білесіздер ме? Босқындар ше? Сирия, Ливан мен Иракты қанша рет бомбалады? Бұдан не шықты?»
дейді Шамиль Аляутдинов.
Сонымен қатар имам өз уағызында Украинадағы жағдайды «қару-жарақ сататын компаниялардың қызығушылығынан туындады» деп айтқан.
«2003 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен кейін америкалықтардың Иракқа, кейін Ливияға, Сирияға басып кіргенін ұмытқан сыңайлы. Соңғы 30 жылда Кавказ бен Таяу Шығыс болды, енді оқиға Украинада да жалғасын тапты. Қазір жоғарғы деңгейдегі саясаткерлердің қаніпезерлігін көріп отырмыз. Оларды билікке қару-жарақ компаниялары алып келді. Бұл компаниялар мемлекеттен миллиардтаған доллар мен еуроға тапсырыс беруді талап етіп отыр. Еуропа Украинаға 1 миллиард 200 миллион еуроға көмек бөлді. Алайда Украина көмектің орнына ескірген қару алады. Батыс әлемдегі кезекті аймақты бұзуды бастады», – деп мәлімдеді ол.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…