Бензин мен дизель мәселесі – қазақ экономикасының айнасы.
Экономист Айдархан Құсайынов елімізде неге ешқашан жаңа мұнай өңдеу зауыты салынбайтынын, ал арзан бензин қашан да әлеуметтік және экономикалық мәселелердің себебі болып қала беретінін түсіндіріп берді.
«Қазақстанда бензин мен дизель халыққа қолжетімді болуы үшін ғана арзан.
Олар арзан, себебі мұнай компаниялары үшін әлемдік бағаға қарамастан ішкі нарыққа мұнай жеткізу туралы міндеттемелері бар
Осылайша шикізат құнын төмендетіп, мұнай компанияларының экономикасы зардап шегеді.
Жаңа зауыт салудың не керегі бар – өнімінің бағасы мемлекет тарапынан реттелетін кәсіпорынға ақша салып, және оның көршілес елдермен салыстырғанда ең арзан болуын ойлаудың қажеті қанша?
Мұнайшыларға бұл керек пе? Әрине, керегі жоқ: жаңа МӨЗ – бұл ішкі нарыққа мұнай жеткізу бойынша жаңа міндеттемелерді, демек өз экономикамыздың одан әрі нашарлауын білдіреді
Жаңа МӨЗ салына ма? Мүмкін, ол үшін мемлекет мұнайшыларға арзан мұнай үшін, ал инвесторларға олардың жұмыстары үшін (яғни шығынның орнын толтырып) төлеп отыруы керек.
Айтпақшы, Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз – шетелдіктерге тиесілі өсіп келе жатқан кен орындары, олар ішкі нарыққа жеткізуден босатылған, олардың экономикасы да жақсы. Ішкі нарыққа жеткізетіндері әлсіз кен орындары, мысалы – Өзен. Оларда пайданың қарық боп жатпағаны аздай, бұған қоса олардан керегін тартып алады. Барлық жерде солай.
Бағаны төмендету керек: қайта өңдеушілер бұл сөз емес, тек арзан шикізат беріңдер дейді, бірақ шикізат өндірушілер де арзан сатқысы келмейді, себебі бұл да бизнес. Нәтижесінде қайта өңдеу де, ал енді шикізаттың өзі де дамымайды, ал жағдай болса тіпті күлкілі болып барады.
Экономиканың нақты секторының едәуір бөлігі мемлекет оларға төлейтіндіктен ғана жұмыс істейді
Тікелей немесе бақыланатын компаниялардың кірістілігі арқылы немесе тиімді секторлардағы отандық кәсіпорындар үшін квази-салықтар арқылы. Айтпақшы, олай болса бақыланатын компаниялардан кірістілік пен тиімділікті талап етудің керегі не?
Жаңа МӨЗ төңірегіндегі пікірталастардың шиеленісуі қызықты. Жаңа зауыт онсыз да барлық көршілерден төмен бағаны төмендетуге қалай көмектеседі? Неге екені белгісіз, бірақ «елдің қоғамдық ойы» кез-келген тауардың әрбір жаңа өндірісі сиқырлы шам сияқты жұмыс істейді деп санайды – үйкеп қалсаң жоқ жерден арзан тауарлар өндіреді, елдің мәртебесі үшін жалақы мен салық төлейді».
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…