ЖМҚС бүкіл Қазақстанда отын бағасының өсуі үшін күресетін болады.
Қазақстанның Энергетика министрлігі Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасын литріне 182 теңгеден 187 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр. Әзірге тек Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана.
Қалған өңірлерде, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте баға бұрынғы деңгейде қалады – литріне 182 теңге
Аи-80 маркалы бензин бағасы өзгеріссіз қалады — 89 теңге. Ал Аи-95 автобензинін мемлекет реттеуді тоқтатады, себебі оны өндіруге көп шығын жұмсалады. Демек, ол бүкіл Қазақстан бойынша қымбаттайды.
Арман Бейсембаевтың пікірі бойынша, Қазақстан отын бағасын көтеруден басқа нұсқа көрмейтін сияқты. Бүгінде әлемде көмірсутектердің және жалпы электр энергиясының құны өсіп келеді.
— Бізде бензин бағасы әлемдік бағадан әлдеқайда төмен, себебі олар бұрыннан бақыланып келеді. Қазақстан әлемдегі бензині ең арзан елдер қатарында, және ерте ме, кеш пе осының бәрін реттеуге тура келеді.
Бірақ мұны аяқ асты жасауға болмайды, себебі «қаңтардағы оқиғалар» қайталануы мүмкін. Сондықтан аз-аздан бастап жатыр
Бағаның өсуін солтүстік қалалардан бастау керек деп ойлаймын, өйткені қаңтар ол жақта салыстырмалы түрде тыныш өтті — наразылық әлеуеті төмен, — деп есептейді Бейсембаев.
Дегенмен, жекелеген қалаларда бензиннің жаңа шекті бағасын белгілеу – бұл тек бастамасы…
— Жаман мысал жұқпалы. ЖМҚС басқа қалалардағы бұл іске қарайды да, үкіметтен оларға да бағаны өсіруге рұқсат беруін сұрайтын болады. Шығын көп деп қысым жасайды – АИ-95 бензинімен дәл осы жағдай болған.
Егер оларды тыңдамайтын болса, олар біраз уақытқа бензин сатуды тоқтатып, жасанды тапшылық жасайды. Бұл олардың мақсатқа қол жеткізуге көмектесетін үйреншікті әдісі. Бұрын да бірнеше рет болған
Бірақ бензин сатушылар басқа сценарийді де таңдауы мүмкін – талап етпейді, бірақ шығындарды мемлекеттік реттеу жоқ тауарлардың басқа санаттарына ауыстыруы мүмкін. Мысалы, АИ-98 немесе сол АИ-95 құнын тиісті пайызға арттыру.
Пайда болмаса ешкім жұмыс істемейді — бұл бір. Екіншіден, егер қосымша ақша алу мүмкіндігі болса, неге оны пайдаланбасқа, — дейді экономист.
Бейсембаев бензиннен кейін жаппай қымбатшылық болады деген пікірде. Себебі бензин бүкіл тауар тізбегінің басында тұр, оған барлық логистика байланған.
— Дүкен сөрелерінен, сауда орталықтарының сөрелерінен және базарлардың сөрелерінен көретіндеріңіздің бәрі бензин құйылған көліктермен бір жерден жеткізілді, — деп қорытындылады экономист.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…