Атақ және ақша

Беташарды сауда-саттық жасайтын базарға айналдырып жіберді — Рамазан Стамғазиев

Танымал дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев “Ұйқым келмейді” бағдарламасында қазақтың салт-дәстүрі беташардың шоуға айналғанына наразылық білдірді.

Қазір беташарды бизнесқа айналдырып жіберді. Кейде асаба қайын атасы беташарға ақша салса, кетіп бара жатқан жерінен тоқтатып, екінші рет салғызып жатады. Жалғыз баласы үйленіп жатса ол несін аяйды? “Сал да сал” деп елдің алдында беташарды сауда-саттық жасайтын базарға айналдырып жібереді. Беташар ондай болмайды. Ауылға келін түсіп жатқанда, ауылдың ел сыйлайтын ақсақалдарын, ақын-жырауларын жинайды. Беташарда олар келінді ата-тегінен тартып, келген жерін сұрап, сәлемін салғызып, халқымен таныстырып, ортаға сіңіп кетуге жағдай жасайды. Отырып алып, біреуден ақша жинап, салған ақшасын аз көріп, шоуға айналдырып жіберуге болмайды. Мен қазір де бет ашып жүрмін. Бірақ біреуге барып: “Сен осынша ақша салуың керек” деп айтпаймын,

дейді Рамазан Стамғазиев.

Әнші беташар кезінде келіннің бетін ашқан әншінің тапқанына, табаққа таласатындардың барын да жасырмады.

Өздері тойға шақырады, бетін ашқан соң ақшасын санап, табаққа таласатындар бар. “Бұл Құдайдың берген ризығы ғой. Мен біреуді зорлап тойына барып жатқаным жоқ. Мен ашамын деп таласып жатқан жоқпын. “Ағаның жолын берсе екен, жастардың жолы ашық болса екен” деп шақырып алып, сәлемін салғызып, табаққа түскен ақшаға таласқандарың болмайды” деймін. 1-2 тиын түсcе де, келіннің бетін ашып жатқан адамға берілу керек. Ол тойдан қайтады. Кейде бауырларымыз мен танитын үлкен ағаларымның, онымен жұмыс істейтін үлкендерге қоңырау шалдырып, жоғарғы жақтан сұратады. “Ала қойыңдар, жастардың бақытына берейін” деймін. Күнім оған қарап қалған жоқ,

дейді өнер иесі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago