Фото: tvc.ru
Ресей Федерациясының Ростов облысында психикалық ауруға шалдыққан 15 жастағы жасөспірім төрт адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Порталдың хабарлауынша, оқиға бүгін таңертең Ресей Федерациясының Ростов облысы Неклинский ауданындағы Красный десант ауылында болған. Ол қолына қару ұстап, мектепке кіргісі келіп, алдынан шыққан төрт адамды пышақтаған сәтінде ұсталған.
Төрт ересек адам жарақат алды. Бірақ оқушылар зардап шеккен жоқ. Ол бетперде тағып, төрт ересек адамды, соның ішінде үш қызметкер мен оқушылардың бірінің туысын жаралады,
деді Ростов облысының губернаторы Василий Голубев.
161.ru сайтының мәліметінше, төрт адамның бірі алты жерден жарақат алған. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр.
Бұған дейін Ресейдің Ижевск қаласында бір жасөспірім мектепте оқушыларға оқ жаудырып, 17 адамды атып тастаған еді. Осы оқиғадан соң сарапшылар мектепке күзет қоюды ұсынған еді. Ол мәселе әлі қарастырылып жатыр.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…