Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 миллиард теңге бөлінген болатын. Бірақ жобаның дұрыс жоспарланбауына байланысты, тазалау жұмыстарынан кейін ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, қоқысқа толып қалған. Қаржы мониторингі өңірлік басқармасының қызметкерлері қабылдаған шаралардан кейін әкімдік 3,7 миллиард теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады.
Сондай-ақ Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 миллиард теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған болатын. Жобаның бастапқы құны 910 миллион теңге болды. Ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас жобалардың құны айтарлықтай төмен болған.
Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізуде, үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылатын болады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…