Билік халықты қымбатшылыққа дайындап жатыр

Жаңа жылдан кейін елімізде азық-түлік және коммуналдық төлемдер қымбаттауы мүмкін.

Биылғы 11 айда ел экономикасының өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында соңғы 14 жылда болмаған инфляцияның жайын айтқан еді. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып отырғанын да атап өтті. Қазіргі күні елдегі азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты.

Қазақстандықтар табысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайтыны туралы жиі айтылып жүр. 14 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайлов 2023 жылы жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдер күтіп тұрғанын атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, үкімет осылайша халықты алдағы қымбатшылыққа дайындап жатыр.

Бұл вербалды интервенция деп аталады. Яғни үкімет халықты азық-түліктің қымбаттайтынына қазірден дайындап жатыр. Бұл соңғы 15 жыл бойы болып келе жатқан құбылыс. Ауыл шаруашылығы дами қойған жоқ, өзімізде шығарыталын азық-түлік аз. Мұнай болса қажеттің бәрін сатып аламыз деп, алаңсыз жүрдік. Нәтижесінде азық-түліктің көптеген түрін шетелден әкелеміз. Ұлттық банк инфляцияны ұстап тұру үшін базалық мөлшерлемені көтеруге тырысып жатыр. Алайда меніңше бұдан түк шықпайды. Себебі инфляция импорттың салдарынан болып жатыр,

деді экономист Расул Рысмамбетов.

Жақында Екібастұздағы ЖЭО-да болған апаттан кейін сала мамандары энергия бағасының төмендігін айтып, тарифті көтеру мәселесіне назар аудара бастады. Бұл жақын арада коммуналдық тарифтердің көтерілуіне әкелуі мүмкін бе. Сарапшы осыған қатысты да пікір білдірді.

Қазір көптеген адамның табысы кедейлік шегінен төмен түсіп кеткенін көріп отырмыз. Сондықтан коммуналдық тарифтердің күрт өсуі мүмкін емес деп есептеймін. Біртіндеп өсуі мүмкін. ЖЭО жүйесін жаңғырту үшін Үкімет жеке меншік иелерін инвестициялауға мәжбүр етуі мүмкін. Немесе Ұлттық қорға қол салуға тура келеді,

деп қосты спикер.

Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдарына сәйкес, инфляцияның жеделдеуі 2023 жылғы І тоқсанға дейін жалғасады. Одан кейін инфляциялық процестердің баяулауы күтіледі. Базалық сценарий шеңберінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция әқ 20-21% шегінде қалыптасады, 2023 жылы 11-13%-ға дейін, 2024 жылы – 7-9%-ға дейін, 2025 жылы – 4-6%-ға дейін баяулайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago