Digital технологиялар, жылдам ақпарат дәуірінде цифрлық технологиялар өмірдің бүкіл саласына еніп, зор маңызға ие болуда. ИТ мамандары алдыңғы қатарға шығып отыр.
2024 жылдың 11 сәуірінде Куаныш Оралбекұлы «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны директорының орынбасары болып тағайындалды.
Қуаныш Оралбекұлы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды «Компьютерлік техника және бағдарламалық жабдықтау» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 15 жылдан бері еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысып, өзінің кәсіби біліктілігімен көзге түсіп келеді. Ол Алматы мен Астана қалаларында деректерді өңдеу орталықтарын құруға көмектескен, ЕХРО 2017 көрмесінің инженерлік инфрақұрылдарын жобалау мен сол көрмені ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысқан.
2019 жылы Қуаныш Оралбекұлы жергілікті өзін өзі басқару органдары арасындағы үздік кеңсе құрғаны үшін Digital Bridge Awards жүлдесімен марапатталған. Сонымен қатар, жыл сайын өтетін жас IT мамандары мен кәсіпкерлер форумына белсенді қатысты.
2023 жылы, деректер базалары мен ИТ инфрақұрылымы бойынша бөлім директоры болған кезінде Қуаныш Оралбекұлы көптеген жобаларды сәтті орындады, ақпараттық мәндерді өңдеу және сақтаумен айналысты.
Куаныш Оралбекұлының «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны директорының орынбасары болып тағайындалуы тегін емес.
Қуаныш Оралбекұлы Қазақстан Республикасында IT саласын ілгерілету мен дамытудың маңызды катализаторына айналады деп сеніммен айта аламыз.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…