Биліктің жаңа тармағына таза адамдар келгені ме?

Ескі Қазақстанда халық қиналып жүр. Айта берсең проблема шаш етектен. Мұнай мен газдың үстінде отырған елміз, үш мұнай өңдеу зауытымыз бар. Қалайша жанар-жағар май дефицитіне тап болдық? Сағаттары қысқарған мұғалімдердің мәселесі бар. Қант тапшылығы неше ай болды әлі реттелген жоқ. Құрылыс жұмыстары қаржы тапшылығынан толық жүргізілмей келеді. Осыларды жүйелі шешуге бағытталған жобалар да көрінбейді. Ескі жүйеде жұмыс жасап үйренген шенеуніктер жаңа жағдайға бейімделе алмай жүрсе керек. Яғни, биліктің барлық тармағына жаңа, таза адамдар келу керек еді. Тек мемлекет мүддесін ойлайтын. Ондай азаматтар 19 млн халық ішінен табылады, деп жазған еді мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Елдің қамын ойлайтын, халықтың назы мен сынына құлақ асатын жаңа кадрлар табылғаны ма?

Белгілі журналист және кәсіпкер Бейбіт Әлібеков өзінің Телеграм парақшасында жаңа саяси партия құратынын жариялады. Бұл ұйымға кәсіпкер Максим Барышев, ресторатор Қуаныш Шонбай, өзін-өзі қамтамасыз ете білген бірқатар жастар кірмек. «Республика» партиясы әлі күнге дейін экономиканы «жаулап» отырған олигархтарды, биліктегі популистерді ысыратын ойлары барын жеткізді.

Партия алдағы парламент сайлауы қарсаңында құрылды. Тіркелмеді. Оған әжептеуір уақыт керек. Дегенмен қазақтың бюрократиясымен бетпе-бет кездесуге еті үйрен кәсіпкерлер заңды рәсімдерді еңсере алатыны сөзсіз. Партияның бағдарламасын кәсіби мамандар дайындап жатыр екен. Жас буынның сұранысына сай болады дейді. Яғни еуропалық білім деңгейі мен тұрмыс-тіршілігіне ұмтылатын халықтың қалауын орындай алатын партия 5 пайыз дауыс жинай алса болғаны.

Жаңа партия құрушылар президент әкімшілігінің ойын түсінетіндердің бірі болды. Демек, конструктивті оппозиция ретінде әрекет ете алатын оңшыл-орталық күштің пайда болғаны. Ескі Қазақстанның әдетінен арылып, Тоқаев ұстанатын дұрыс бағытпен жүруді дұрыс көріп отыр.

Жаңа конституция бойынша референдум басқаша дәуірдің бастау нүктесін заңды түрде рәсімдеп берді. Еліміз өз дамуына алғашқы қадамын жасап отыр. Биылғы қаңтар оқиғасы бұрынғы жолмен өмір сүруге болмайтынын анық көрсетті. Оған баршамыз кәу болдық. Енді жаңа партия Қазақстандағы реформаларды жүзеге асыру ісіне белсенді ат салысады. Бұрын өте алшақ болған кәсіпкерлер ел саясатына қатысты істе сырт қалуға болмайды дейді.

Не үшін? Әуелі, билікке популистер мен «Ескі Қазақстанның» реваншистері қайта келмеуі үшін,

деді Бейбіт Әлібеков.

Ал ескі элитаның белсенділері нағыз демократиялық мемлекет құруды қолға алған жаңа саяси күштің пайда болуын менсінбей отыр. Олар партия құрғысы келетіндердің жоспарына күмәнмен қарайды. Оған себеп жоқ емес. Мұндай елеулі реформа жасаймыз дегендер көп болған. Уәделері құрғақ сөз болып жарты жолда қалып қойғандары да дар. Осыған қарап ескі мәселелердің жаңа шешімдері табылмай қалар ма екен деген үрей сол.

«Паризиттерді» құрту керек, әйтпесе қоғамда үлкен «эпидемия» болады

деген депутат Жаңбыршинның сөзінен кейін, расымен бұны жаңа кезеңге алғашқы қадамның жасалғаны деп қабылдайық.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago