Categories: Қоғам

Биліктің өзі митингтерге жол ашты – Сәтпаев

Тәуелсіз кәсіподақтар жүйесі билікке еңбек дауларын шешуге көмектесе алар еді. Жаңаөзеннен мұнайшылар өз талаптарымен келді, сосын қайтты. Дегенмен бұл әлі бәрі тынышталды деген сөз емес.

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев кәсіподақтар мұндай оқиғалардың және басқа да көптеген әлеуметтік қозғалыстардың алдын алар еді дейді. Ол өзінің Facebook парақшасында былай деп жазады:

Экономика – олигархтарға!

30 жыл бойы билік барлық саладағы тәуелсіз кәсіподақтарды мақсатты түрде жойып, экономиканы олигархтарға, ұлттық компанияларға, квазимемлекеттік құрылымдарға және дәл осы билікке жақын болғандардың бәріне таратып келді.

Соның салдарынан жұмысшылар, оның ішінде мұнайшылар, өз құқықтарын қорғаудың сенімді құралынан айырылып, өз проблемаларымен жалғыз қалды.

Күшті кәсіподақтары бар елдерде көптеген мәселелер келіссөздер үстелінде шешіледі, онда шенеуніктер мен бизнес барлық нақты тұжырымдалған талаптарды тыңдауға міндетті. Ал келіссөздер сәтсіз болған жағдайда ғана кәсіподақтар халықты митингке шығарады, мұнда да егер бұл басқа адамдардың өміріне қауіп төндірмесе, оларға ешкімнің кедергі жасауға құқығы жоқ.

Бір ғана амал

Сондықтан билік өкілдеріне таң қалудың қажеті жоқ, себебі халықта өз мәселесін айтудың бір ғана амалы қалды – алаңдарға шығып, билікке талап қою. 2011 жылы Жаңаөзенде солай болған. Қазір болып жатқан жағдай да осы. Болашақта да осылай болады. Бұған баяғыдан биліктің өзі себепкер. Және олар оның салдарын әлі ұзақ көреді.

Кәсіподақтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан бастап партияларға дейін көптеген тәуелсіз институттардың пайда болуына және дамуына мүмкіндік бермей, үкіметтің жағдайды осылай басқарып отырмыз деп ойлауы – ақымақтық. Бұл –  өзін-өзі алдау, өйткені бәрі ерте ме, кеш пе, тығырықтан шығудың жолын таппай, қазанды жарып жіберген әлеуметтік бумен аяқталады.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago