Categories: Қоғам

Бір ай ішінде 1,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1 ақпандағы жағдай бойынша 1 539 этникалық қазақ тарихи отанына келіп, қандас статусын алды. Бұл туралы еңбек министрлігі хабарлады.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50%) Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сонымен қатар Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ті және зейнеткерлер 8,2%.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

23 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

23 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

23 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

23 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago