Білім

Бір баланы мектепке жіберу – 100 мың теңге. Мемлекеттен қосымша қандай көмек алуға болады?

Орта есеппен бір баланы сабаққа жинау үшін 100 мың теңге қаражат қажет. Алайда барлық ата-ананың қалтасы бұндай қаржыны көтере бермейді. 

2023 жылы оңтүстік астананың мектептеріне 25 000 бала 1 сыныпқа қабылданады, деп хабарлайды Информбюро.

Ranking.kz сайтының зерттеуіне сүйенсек, бір баланы мектепке жіберу үшін 100 000 теңге ақша кетеді. Бюджеттің ішіне кеңсе тауарлары, Оқу-ағарту министрлігінің стандарттарына жауап беретін мектеп формасы және спорттық үлгідегі киім, спорттық және күнделікті киетін аяқ киім кіреді. Ұл мен қызға кететін шығын бірдей деуге болады. Оның ішіне мұғалімге арналған гүл, маусымдық аяқ киім, сыртқы киім, сондай-ақ мектеп қорына өткізетін қаражат, сыныптастармен бірге театр, цирк, киноға баруға төленетін ақша кіреді. 

Зерттеуде балаларға арналған тауарлардың бағасы өсіп жатқаны айтылады. Мысалы, осы жылдың мамыр айында балаларға арналған киімнің инфляциялық көрсеткіші 118,7 пайызды, аяқ киім көрсеткіші 120,1 пайызды, кеңсе тауарлары көрсеткіші 167,5 пайызды құраған. Алайда бағаның өсуі маусымдық емес, тек жалпы инфляцияны анықтайды. 

100 000 теңгеге бәрінің бірдей шамасы келе бермейді. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жариялаған есепке сүйенсек, төрт және одан көп баласы бар 19% отбасы жанұяның әр мүшесі үшін ай сайын 40 000 теңге жұмсайды. 47,9% отбасы 40 000 – 60 000 теңге аралығында қаражат жұмсаса, тек 4,2% отбасы ғана жанұяның әр мүшесіне 100 000 теңге төлеуге қауқарлы. Осы орайда Кәсіби жаңалықтар агенттігі қандай қорлардан көмек алуға болатынын жазды. 

Мемлекет аз қамтылған отбасыларға «Всеобуч» қоры арқылы көмектеседі. Осының аясында материалдық көмек әлеуметтік көмек алып отырған отбасының балаларына, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға көрсетіледі. Осы жылы бір балаға кететін қаражат көлемі 40 567 теңге болып бекітілді. 

Ата-анаға қаражат балаларына өздері мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын алуы үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата- аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді және сапасыз тауарлардың берілуін болдырмайды,

деді бала құқығын қорғау Комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

«Всеобуч» бағдарламасы арқылы мемлекеттен көмек алу үшін Egov.kz порталы арқылы өтініш жолдауға болады. Қайырымдылық жобаларымен әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы байланысуға болады. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago