Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың шығуына әйелдер тікелей себепкер екенін айтқан пікірі қоғамда дау тудырды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелері халық қалаулысының пікірімен келіспей, жеке парақшаларында жазба жариялап жатыр. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева қазақ әйелдерін қорғады.
Варшава көшелерінің бірінде жаяу келе жатып, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі туралы ойладым. Неткен мықты қыздар еді. Біздің қоғамда қыздарды басып өсіреді. “Ұят болады” деген қысым көп. Одан қалса үй тірлігіне жұмсайды. Оқығаны оқып, оқымағаны тұрмыс құрады. Барған жерінде айдаһар сияқты ене күтіп алады. Бітпейтін үй түрлігі басталады. Күйеуінің қонағын күту, туысқандардың көңілінен шығу бәрі – келіннің міндеті. Ол байғұс бөтен жерге келді, 1-2 жыл бойы үйренсін деп ешкім күтпейді. Робот келгендей қуанады. Одан бала туады. Жұмыс одан сайын көбейеді. Сонда да ешкімге жақпайды. Менің құрбыларымның дені осылай өмір сүріп жатыр. Өздеріне де қарайды, баланы да өсіреді. Ал, депутат мырза, сіз дәл осылай өмір сүріп көріңізші?! Жаман әйел қайдан шығады?!
деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының дені өнер иесін қолдап, түрлі пікір жазып жатыр.
Бұл Мәжіліс депутаты тұрмыстағы жанжалдың бәрі әйелдердің тілі ұзын болғанынан шығатынын айтып,желіде сынға ұшыраған еді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…