Әлеуметтік желіге шолу

«Бір күн әйел болып көр»: Меруерт Түсіпбаева әйелді кінәлаған депутатқа шүйлікті

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың шығуына әйелдер тікелей себепкер екенін айтқан пікірі қоғамда дау тудырды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иелері халық қалаулысының пікірімен келіспей, жеке парақшаларында жазба жариялап жатыр. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева қазақ әйелдерін қорғады.

Варшава көшелерінің бірінде жаяу келе жатып, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі туралы ойладым. Неткен мықты қыздар еді. Біздің қоғамда қыздарды басып өсіреді. “Ұят болады” деген қысым көп. Одан қалса үй тірлігіне жұмсайды. Оқығаны оқып, оқымағаны тұрмыс құрады. Барған жерінде айдаһар сияқты ене күтіп алады. Бітпейтін үй түрлігі басталады. Күйеуінің қонағын күту, туысқандардың көңілінен шығу бәрі – келіннің міндеті. Ол байғұс бөтен жерге келді, 1-2 жыл бойы үйренсін деп ешкім күтпейді. Робот келгендей қуанады. Одан бала туады. Жұмыс одан сайын көбейеді. Сонда да ешкімге жақпайды. Менің құрбыларымның дені осылай өмір сүріп жатыр. Өздеріне де қарайды, баланы да өсіреді. Ал, депутат мырза, сіз дәл осылай өмір сүріп көріңізші?! Жаман әйел қайдан шығады?!

деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының дені өнер иесін қолдап, түрлі пікір жазып жатыр.

  • Дұрыс айтасыз, барлық жауапкершілікті әйелдерге ысырып қойған,
  • Үндемесең де жақпайсың. Енем: «Арамсың үндемей жүріп, қу пәлекеттің бәрі ішінде» дейді,
  • Осындай депутаттың бірі біздің үйде жатыр. Жұмыс істеуге құлқы жоқ,
  • Көшеге шыққан қатындар мына депутатты жеп қоймасын, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Бұл Мәжіліс депутаты тұрмыстағы жанжалдың бәрі әйелдердің тілі ұзын болғанынан шығатынын айтып,желіде сынға ұшыраған еді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago