Фото: ашық дереккөзден
Полиция қызметкері елордадағы жол-көлік оқиғалары туралы айтты.
Көлікке мас күйінде немесе есірткі қолданып отыратын жүргізушілер көбейген.
Биыл жол қозғалысын қадағалау кезінде 155 611 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 133 321 әкімшілік іс бойынша 2 млрд-тан астам сомаға айыппұл түрінде қаулы шықты. Автокөлік жүргізушілері жолда жылдамдықты асыра пайдаланады, бағдаршамның тиым салынған белгісіне өтеді. Соның салдарынан жол-көлік апаты жиі болады. Ал жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден өту арқылы, бағдаршамның тиым салынған белгісінде жүруі және кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жанындағы заңды өкілінсіз жол үстінде ойнап жүрген сәттер көп болады.
Көлік құралында отырғандар да жаяу жүргіншілер де қажетті талаптарды сақтамайды. Жол жүру ережесінде жүргізушінің автокөлікті қалай басқару керектігі мен жылдамдық ережелері нақты көрсетілген. Сондай-ақ, жаяу жүргіншіге де талап қойылған. Жол жүру ережелеріне сәйкес, 14 жасқа толмаған азаматтарға жол бойында велосипедпен жүруге тиым салынған. Қағидалардың орындалмауы жол-көлік оқиғаларына әкеліп соқтырады. Елордада бір тәулікте 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Оның салдарынан шамамен 10-15 адам дене жарақатын алады.
Сондай-ақ, көлікке мас күйінде немесе есірткі қолданып отыратын жүргізушілер көбейген. Оларға қолданылатын жаза қатаң.
Биыл 1329 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарған іс тіркелді. Былтыр бұл көрсеткіш 1181-ді құраған. Егер жүргізуші мас күйінде ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылса, бірақ осы жағдай тағы қайталанса қылмыстық іс қозғалады. Мұндай азаматтарға ҚР қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша іс қозғалып қатаң түрде жазаланады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…