Бір тәулікте 100-ге жуық жол апаты тіркеледі

Полиция қызметкері елордадағы жол-көлік оқиғалары туралы айтты.

Көлікке мас күйінде немесе есірткі қолданып отыратын жүргізушілер көбейген.

Биыл жол қозғалысын қадағалау кезінде 155 611 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 133 321 әкімшілік іс бойынша 2 млрд-тан астам сомаға айыппұл түрінде қаулы шықты. Автокөлік жүргізушілері жолда жылдамдықты асыра пайдаланады, бағдаршамның тиым салынған белгісіне өтеді. Соның салдарынан жол-көлік апаты жиі болады. Ал жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден өту арқылы, бағдаршамның тиым салынған белгісінде жүруі және кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жанындағы заңды өкілінсіз жол үстінде ойнап жүрген сәттер көп болады.

  • 2017 жылдан бастап қала аумағында сергек камералары орнатылды. Аталған камералардың көмегімен жол жүру ережелерін бұзған жүргізушілерге ұйғарымдар рәсімделеді. Осы 10 ай ішінде сергек камераларының көмегімен 800 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Оны теңгеге шағатын болсақ, 6 млрд теңгеден астам соманы құрайды.

Көлік құралында отырғандар да жаяу жүргіншілер де қажетті талаптарды сақтамайды. Жол жүру ережесінде жүргізушінің автокөлікті қалай басқару керектігі мен жылдамдық ережелері нақты көрсетілген. Сондай-ақ, жаяу жүргіншіге де талап қойылған. Жол жүру ережелеріне сәйкес, 14 жасқа толмаған азаматтарға жол бойында велосипедпен жүруге тиым салынған. Қағидалардың орындалмауы жол-көлік оқиғаларына әкеліп соқтырады. Елордада бір тәулікте 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Оның салдарынан шамамен 10-15 адам дене жарақатын алады.

Сондай-ақ, көлікке мас күйінде немесе есірткі қолданып отыратын жүргізушілер көбейген. Оларға қолданылатын жаза қатаң.

  • Егер мас күйінде автокөлікті басқаратын жағдай болса, ол азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Есірткі қолданып немесе мас күйінде көлікке отырғандар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады және 15 күнге әкімшілік қамауға алынады.

Биыл 1329 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарған іс тіркелді. Былтыр бұл көрсеткіш 1181-ді құраған. Егер жүргізуші мас күйінде ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылса, бірақ осы жағдай тағы қайталанса қылмыстық іс қозғалады. Мұндай азаматтарға ҚР қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша іс қозғалып қатаң түрде жазаланады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

5 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

6 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

6 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

6 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

8 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 день ago