Қазақстанда 2022 жылы 15-18 жас аралығындағы 5 мың қыз босанған. Жыл сайын ерте жүктілік саны артуда. Мамандар ерте ана болу жеткіншектердің өмірін бұзады деп есептейді.
Информбюро хабарлауынша, соңғы бірнеше жылда 15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың босану саны екі есеге артқан. Өткен жылы 5200 жасөспірім дүниеге сәби әкелген.
Ерте жастағы жүктілік кезінде түсік жасатса да, баланы босанса да, бірқатар зияны бар.
«Осындай жас кездегі жүктіліктен преэклампсия, қан кету және өте жиі мерзімінен бұрын босану сияқты ауыр зардаптарды байқаймыз, өйткені жасөспірім денесінің ресурстары баланы толыққанды көтеруге жеткіліксіз.
Психологтар ерте жүктіліктің бірнеше себептерін айтты. Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие жетіспейді. Сонымен қатар көптеген жасөспірімдер жыныстық қатынасқа ерте түскенін мақтаныш көріп, кімнің жыныстық серіктесі көбірек екенімен жарысады.
“Ата-ананың қалыпты әрекет етіп, қызы мен оның сәбиіне қолдау көрсеткені жақсы, бірақ олар көбіне жас ананы үйден қуып жіберуі мүмкін. Қыз қысымға ұшырайды, оны құрбылары, педагогикалық ұжым, ата-анасы, туыстары сынайды”, – деді психолог Герман Владимиров.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жасөспірімдердің жүктілігі білім деңгейі төмен және контрацептивтерге қол жеткізе алмайтын халық арасында жиі кездеседі. Сондықтан жасөспірімдердің білім деңгейін көтеру қажет дейді қоғам белсенділері.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…