Фото: ашық дереккөзден
Ұлттық статистика бюросы 2022 жылы тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгергені туралы мәлімет ұсынды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бір ай ішінде (2022 жылғы желтоқсаннан қарашаға дейін) пәтерлерді қайта сату құны 1,5% төмендеген.
Астанада (5,1%), Шымкентте (2,7%) және Ақтауда (1,6%) баға төмендеген. Сонымен қатар желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда, 1,6% төмендеді. Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4% қымбаттады,
делінген хабарламадв
Бір жыл ішінде (2022 жылғы желтоқсан мен 2021 жылғы желтоқсанды салыстырғанда) қайталама нарықтағы пәтер бағасы 21,6%, жаңа тұрғын үй бағасы 15,6% өскен. 2022 жылғы желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 45% өскен.
Өңірлер арасында бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға жылдық мәнде айтарлықтай өсті: Ақтөбеде 29,3%, Ақтауда 26,6% және Семейде 22,3%.
Қайталама нарықта мына өңірлерде баға өскен: Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (32,4%).
Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында мына қалаларда баға көтерілген: Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%) және Қарағанды (53,1%).
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…