«Біреуі ішті, екіншісі ұрды, үшіншісі лақтырып кетті»: Шахизада бұрынғы күйеулері туралы

Белгілі әнші Шахизада әріптесі Ерболат Ержанбаевты танымал қыламын деп басы дауға қалды. Хайп жасап, халықты алдағанын мойындаған әнші “Астарлы ақиқат” бағдарламасында жеке өмірі туралы бар шындықты жайып салды. 

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Шахизада бұрынғы күйеулерін жіпке тізгендей айтып берді.

“Маған келген ер азаматтар көмек күтіп тұрады. Неге екенін білмеймін. Үш рет тұрмыста болғаным рас. Бірінші күйеуім Асқар – Олжас баламның әкесі. 19 жасымда шаңырақ көтердік. Солтүстік Қазақстанда бүкіл қиыншылықтан өтіп, балалы болдық. Кейін арамызға адамдар түсті, ішімдікке салынды. Мен өнер адамы болған соң бір орында отыра алмаймын. Осы уақытқа дейін тіршілік жасап, әнім, өнерім деп жүрмін. Бір орында тұрып қала алмадым, сол себепті екеуіміз екі жаққа кеттік. Екінші рет тұрмыс құрмас бұрын жалғыздықты сезіндім. Үйде жалғыз өзім, 40 градусқа дейін қызуым көтерілді. Шәй құйып, су беретін адам болмады. Өлуге дайын жаттым. Төсегімнің жанында айна болатын. Соған қарап отырып, жынды адамдай өзіммен-өзім сөйлестім. “Шахизада, не істеп жүрсің? Сенің әнші, атақты болғаныңды қайтейін? Бейшара боп жатқан жатысың не? Су беретін адамың жоқ. Не сұмдық мынау? Шұғыл тұрмысқа шық” деп өзіме айттым. Сөйтіп екінші рет тұрмыс құрып, күйеуіммен 8 жыл тұрдым. Бірақ мен ол жігітті өзім сүйредім. Оны көтеріп директор қылдым. “Менің жолдасым директор” деп бәріне мақтанып жүрсем, соңында маған артын көрсетіп кетті. “Жарайды, садақа! Жағдайын жасадым, бақытты болсын” деп өзім үйлендіріп жібердім”, – дейді Шахизада жан сырын ақтарып.

Өнер иесі үшінші күйеуі үшін Түркияға көшіп барғанын айтты.

“Үшінші жолдасымды мықты ер азамат деп айта аламын. Ол кісіні көпшілік біледі, Батыр деп атайды. Мен оны білген жоқпын. Әйел құлақпен жақсы көретіні белгілі. Күнде сені мақтап, еркелетіп, сүйетінін айтса кім жек көреді. Жатса-тұрса сезімін білдіретін. Ондай ер азаматқа қай әйел болса да сенеді. Менің де жауабым болсын деп, бүкіл дүниемді, бала-шағамды тастап сол үшін Түркияға көшіп кеттім. Барып оның жағдайын жасадым. Өйткен ол жақта оның жағдайы жоқ екен. Содан ол маған қол көтерді. Сөйтіп мен бірден өзімді жинап, өзіме: “Осы жасыма келгенде еркектен таяқ жеп, қалған өмірімді осылай өткізмін бе? Маған қол көтеретіндей не істеп жатыр?” деп сұрақ қойдым. Пәтерінің ақшасын мен төледім. Тамағы, киімі менің мойнымда. Көпшілік оны білмейді, түсінбейді. Бірде әпкем маған: “Үйленгенді қойсаңшы. Еркектер саған үйленсін де” деді. Сонда ғана ойландым. Шынында, еркекке мен үйленеді екенмін. 

Студияға келген психосомат маманның айтуынша әншінің некесінің сәтсіз аяқталуы балалалық шақтағы әкеге деген ренішке байланысты.

“Мен кішкентай кезімнен әкеме риза болмадым, ренішім бар. Өйткен әкем менің көзімше анамды ұратын”, – дейді әнші жасырмай.

Ал отбасылық психолог әкеге деген ренішті жібермейінше Шахизаданың жеке өміріндегі сәтсіз қарым-қатынастардың қайталана беретінін ескертті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

7 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago