«Әйелін бөтен еркекпен ұстап алған»: Мақпал Жүнісова Желіде Нұрқаділовтің бірінші отбасымен жанжалдасып жатыр

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде Заманбек Нұрқаділовтың бірінші отбасымен «соғысып» жатыр. Ол оқырманға берген жауабында марқұм күйеуі бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова оның көзіне шөп салғандықтан ажырасты деп жайып салды. Оған қоса қызының бес рет тұрмыста болғанын, Нұрқаділов қайтыс болған соң балалары оның мұрасына таласқанын да жазған.

Зәкең әйелін басқа еркекпен ұстап алған, көзінің тірісінде басқа байда болды. Ол да қашып құтылды. Қызы да бес байға шықты,

деп жазған Мақпал Жүнісова.
дереккөз: Stan.kz

Өнер иесінің бұл мәлімдемесі лезде Нұрқаділовтың қызы Құралай Нұрқаділоваға жетті. Ашуланған саясаткердің қызы Құралай Нұрқаділова Мақпал Жүнісованы ашық түрде бопсалауға көшті.

Мақпалдың мәлімдемесіне қатысты жекеме көп хаттар келді. Бұл әйелдің ұяты жоқ екен. Мен барынша үндемеуге тырыстым. Бірақ айтпасқа болмады. Менің анам қанша жыл үндемей келді. Бір сұхбат берген екен. Мақпалдың мұнысы ұят болды, бекер бұлай істеді. Ол менің мінезімді біледі. Мен расымен қатты ашулануым мүмкін. Менің анам туралы бұлай айтқаны болмады. Менің анам әкемнің көзіне шөп салған екен-мыс. Бұл неткен бассыздық,

деді Құралай Нұрқаділова.

Заманбек Нұрқаділовтың қызы “әкесінің мұрасына таласты” деген сөзге де жауап берді.

“Маған зейнетақы қорынан хабарласты. Менің ешқандай мұрада шаруам жоқ. Біз әкемізден қалған мұраға бірден-бір үміткерміз. Таласатындай дүние болса да біз одан үміттенбедік. Ағам екеуіміз мұраға қызығушылық танытпадық. Сөйтіп бізге зейнетақы қорынан хабарласты. Олардың айтуынша, әкемінің атындағы ақша әр баласына тиесілі. Сондай-ақ оны қордан тек Қайрат қана алып кете алатынын айтты. Ал біз Мақпалмен араласпаймыз. Әкемнің атында шамамен 2 жарым миллион теңгедей ақша боған екен. Осы ақша үшін сонша шу көтеруге бола ма? Мен ақшаға қарайтындай жағдайда емес едім. Әкем қайтқан кезде қатты күйзелісте болдым. Оның үстіне әкем биліктегілерге қарсы шыққан адам болғандықтан ағам екеуімізде сол кездері ештеңе болмады. Ағам жұмысынан айырылды, менің ел қатарлы жұмыс істеуіме мүмкіндік бермеді. Бізде тіпті жерлеу рәсімін өткізетін ақша болмады. Біреудің отбасын бұзғаны аздай, бұл мәлімдемесі мені таңғалдырды”, – дейді Құралай Нұрқаділова.

Алайда Құралай Нұрқаділованың бұл бопсалауына Мақпал Жүнісованың да айтары бар болып шықты.

Мені қорқытпаңдар, сенің маған пышақ салғаныңды білетіндер тірі. Сол кезде марқұм әкең құтқарып қалған сені, енді әкеңнің аруағын сыйла. Менің өміріме, қызыма қауіп төнген сияқты. Алла сақтасын, достарым дұғада болыңыздар,

деп жазба қалдырды Мақпал Жүнісова.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

5 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago