Фото: tass.com
Авторлық қауымдастық Нұрсұлтан Назарбаевты іздеп жатыр.
Қазақстанның аккредиттелген авторлық қоғамдастықтары әндердің, туындылардың авторы мен орындаушыларына қаламақы төлеу үшін елімізге белгілі азаматтарды іздеп жатыр.
«ҚазАҚ» республикалық қоғамдық бірлестігінің 6 мың музыка ән авторлары мен орындаушысынан қаламақы алу туралы тікелей келісімі бар. «ҚазАҚ-тың» басқа елдердегі 148 авторлық қоғаммен халықаралық келісім жасасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыйақының 70%-ы авторлар мен орындаушыларға түседі. Бізде 30%-дан аспайтыны қалды. Қазақстандық әртістер 3 айда бір рет алса, шетелдік әртістерге жылына бір рет аударылады. Театрлар мен филармониялар концерттен соң бірден төлейді. Ал теледидар мен радиолар 3 айда бір рет жібереді,
деді «ҚазАҚ» облыстық қоғамдық ұйымы сыйақыларды бөлу бөлімінің басшысы Анар Исендікова.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мына азаматтар қаламақыларын алуы керек (олардың арасында қайтыс болған адамдар да бар):
Олжас Сүлейменов, Амалбек Тшанов, Қ. Баекенов, Б. Беделхан, Н. Назарбаев, Т. Молдағалиев, А. Зацепин, Қ. Дүйсекеев, А. Әлқожа, Ә. Оқапов, Қ. Мырзалиев, С. Жолбарыс, Т. Мұхамеджанов, Қ. Нұртас, М. Мақатаев, М. Саби, М. Шаханов, Р. Гайсин, Р. Амантай, Қ. Шілдебаев, Әлім Заиров, Асылбек Тастан, Аташев Рысбек, Әділ Бестібаев, Ақтоты Райымқұлова, Байғали Серкебаев, Б. Шүкенов, В. Миклощич, Димаш Құдайберген, Аlex Kopp пен басқа да азаматтар бар.
Тізімнің ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың аты да кездеседі. Таң қалмаңыздар! Бірінші Президент жазушы әрі ақын, үш танымал әннің авторы.
Қаламақыларын алмаған өнер иелерін авторлық құқық қоғамдары өздерінің веб-сайттары арқылы іздестіріп жатыр. Сондай-ақ ұйым марапатталған, бірақ сыйақыларын алмаған адамдарды кеңсеге келуін немесе телефон номеріне хабарласуын сұрайды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…