Фото: The Verge
Еңбек нарығындағы қысқартулар мен трансформациялар басталып, журналистердің орнына жасанды интеллект қызметке келді. Жүздеген журналистерді қысқартып, оларды ЖИ-мен алмастыру туралы шешім қабылданды.
Көптен айтылып келген еңбек нарығындағы қысқартулар мен трансформациялар басталып, журналистердің орнына жасанды интеллект қызметке қабылдануда, деп жазды Айкын агенттігі.
Axel Springer медиа концерні өзінің Bild таблоидында жұмыс істейтін жүздеген редакторлар мен корректорларды, фото тілшілер мен баспа өндірісінің қызметкерлерін қысқартатынын жариялады.
Bild басылымы 100 миллион еуро көлемінде шығындарды қысқарту бағдарламасы аясында бірқатар лауазымдарды жасанды интеллектпен ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Frankfurter Allgemeine Zeitung жазды. Басылымның бас редакторлары Марион Хорн мен Роберт Шнайдерге, Bild тобының жетекшісі Клаудиус Сенст пен атқарушы директор Кристоф Эк-Шмидтке қызметкерлерді қысқарту туралы хабарлама алған.
Өкінішке орай, редакция директорларының, баспа өндірісі қызметкерлерінің, корректорлардың, хатшылардың және фото редакторлардың қызметтік функциялары өзгереді,
делінген хабарламада.
Bild-тің аймақтық басылымдарының саны 18-ден 12-ге дейін қысқартылады, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Springer тобы сәйкесінше «тек цифрлық» және «алдымен цифрлық содан кейін баспа» стратегиясымен жұмыс істемекші.
Axel Springer басшысы Маттиас Депфнер жасанды интеллект қысқа дейін баспа концернінің журналистерін алмастыра алатынын мәлімдеді. Bild және Die Welt компанияларында ЖИ-ді қолданып, журналистерді қысқарту жоспарларын түсіндіре отырып, ол медиа концерннің кірісін арттырып, оны «таза цифрлық медиа-компанияға» айналдырғысы келетінін мәлімдеді.
Axel Springer медиа концерні ЖИ-ға жүгінген алғашқы бұқаралық медиа емес. Мысалы, британдық Daily Mirror және Daily Express басылымдары да жасанды интеллекті қолдануды зерттеуде. Осы жылдың наурыз айында басылымдарға иелік ететін Reach тобы ЖИ жазған бірнеше мақаланы жариялады. Дегенмен, компанияның атқарушы директоры Джим Маллен айтқандай, журналистерді қысқарту жақын арада жоспарланбаған.
Жасанды интеллект медиа құрылымдарда қолдану әлемдік трендке айналуда. Енді бірнеше жылда қазақ медиасына да «журналист әлде робот» деген дилемманы шешуге тура келері анық.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…