«Біршама уақыт қажет» — министр Елбасы туралы заңның күшін жою тәртібі жайында

Конституциядан тұңғыш президент пен Елбасы туралы тармақтар алынып тасталғаннан кейін конституциялық заңның күші автоматты түрде жойылмайды. Парламент тиісті шешімін шығаруға тиіс. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин айтты.

Заңның күшін жою үшін заңнамаға талдау жүргізіледі. Сосын заң жобасы әзірленеді. Ондай құжат дайын емес, парламентке әлі жіберілген жоқ,

деді министр.

Министрдің айтуынша, Елбасы туралы заңның күшін жою үшін «біршама уақыт» қажет. Бірақ нақты қанша уақыт кететіні белгісіз. Қазіргі кезде басқа заңдарда тұңғыш президент туралы сөздер бар.

Бізде он шақты заң бар. Бәрін жинақтап, зерделеп, тиісті шешім шығарылады. Оған біршама уақыт қажет. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде арнайы заң парламенттің қарауына енгізіледі,

деп атап көрсетті Мусин.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago